Руханият • 09 Шілде, 2019

Музыка индустриясындағы жаңа белес

522 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде заманауи музыка нарығы ең ықпалды әрі табысты салалардың біріне айналды. Еуразия құрлығының музыка нарығының экспорты мен world music жанрындағы іскерлік белсенділікті дамыту мақсатында музыканттар, продюсерлер мен халықаралық музыка фестивальдарының директорлары елорда төрінде бас қосты.

Музыка индустриясындағы жаңа белес

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен Eurasia Music Hub конференциясының бас менеджері – Раушан Жұмания­зова. Оның айтуынша, басты мақсат – Еуропа мен Азияның түрлі елдерінен келген әлемдік музыка фестивальдарының же­тек­ші директорлары арасында білім мен практикалық дағ­дыларды алмасу үшін кәсіби платфор­ма құру. Оңтүстік Корея, Марок­ко, Германия, Словения, Эсто­ния, Польша мен Франция, Қыр­ғызстан, Өзбекстаннан келген музыка индустриясының делегаттары мен спикерлері музыка нарығының әлеуеті мен келешек дамуын жеке тәжірибелерімен байланыстыра отырып, өзара пікір алмасты. 

Seoul Music Week шоу­кейс фестивалінің директоры және Ulsan Jazz Festival шара­сының негізін қалаушы, дирек­торы Юнг Хун Ли музыка ин­дустриясындағы тенденция­лар мен инновацияларды да­мы­туға арналған көптеген ха­­лық­аралық тәжірибелерді мысалға келтірді. Халықаралық фестивальдарды ұйымдастыруда табысты еңбек етіп жүрген маман пленарлық сессияда «GloMMnet және халықаралық шоукейс фес­тивальдарды ұйымдастыру» тақырыбында ой бөлісті. 

Қазір Seoul Music Week шоу­кейс фестивалі Кореядағы ең ірі арт-алаң болып саналады. Биылғы шоуға өз еліміздің әртіс­тері мен шет мемлекеттерден келген 23 өнер жұлдызы, 30-ға жуық делегат қатысты. Шоукейс өткізуде өзара тәжірибе алмасу, жаңа келісім құру өте маңызды, – дейді Юнг Хун Ли. 

Ал Марокко Мәдениет жә­не коммуникациялар минис­трлігінің халықаралық серік­тес­тік бөлімінің жетекшісі Фа­­тима Айт Мханд Марокко мәде­ниетін айшықтайтын Mawazine фестивалінің табыс­ты жетістіктері туралы айта ке­­ліп, қазақстандық тарапты Ра­бат­тағы дәстүрлі мерекелік шоу­ға атсалысуға шақырды. 

Жиынға қатысушы Любляна қаласындағы Канкаьев дом мәдени орталығының директоры Богдан Бенгиар (Словения), Music Estonia халықаралық жобаларының жетекшісі Мар­тиина Путник (Эстония), Urkult Festival директоры Кен Дей (Шве­ция) сынды продюсерлер халықаралық нарыққа кіру және қаржыландыруды жеңілдету, мәдениет экожүйесінде жергілікті және аймақтық нарықта қолайлы жағдайлар жасау, мәдени жобаларды халықаралық концерт алаңдарында танымал ету турасында кеңейтілген баяндамалар жасады. Бұдан бөлек 17 жылдық тәжірибесі бар музыка агенті Юлиана Волож нақты нұсқаулықтардан құрылған «Әлемдік музыка әлемі және оны бағындыру жолдары» атты дәріс оқыды. 

Сондай-ақ аймақтардан келген музыкалық ұжым 25 ми­нуттық арнайы бағдарлама аясында Орталық Азия үшін жаңа формат шоукейстер сериясын көрермен назарына ұсынып, этностық музыка жанрының жаңа буындары рок экспрессиясын джаз бен жеңіл поп-музыкамен тамаша үйлестіре білді. Экономикалық және стратегиялық мүдделерді тоғыстыратын халықаралық заманауи платформа музыка индустриясына жаңа қарқын, ортақ жобалар сыйлары анық.