Аймақтар • 09 Шілде, 2019

Полицейдің қолынан бәрі келеді

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Полицейдің қолынан бәрі келеді

Қарабалық ауданының ор­талығындағы көпқабатты үй­лердің алдында аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Иван Щевченко да отбасымен кешкі серуенге шыққан беті еді. Кенет әйелдің  жан даусы шыққан айқайы естілді. Иван мұның жай емес екенін білді де, әйелдің дауысы шыққан жаққа жүгіре жөнелді. Кішкентай қыз бала талықсып демала алмай жатыр екен. Анасы оның кәмпитке түйілгенін айтып үлгерді. Иван саспай баланы анасының қолынан алды да, өзінің тізесіне етпетінен жат­қызып, жауырын тұсынан жайлап қаға бастағанда-ақ, кәмпит баланың аузынан атып түсті. Тынысы кеңіп сала берген бала айқайлап жылап жіберді, анасы қуаныштан қосыла жылады. 

Полицей көшедегі бір машинаны тоқтатты да, ана мен баланы отырғызып, ауруханаға жіберді. 

– Өзімнің балам да кіш­кентайында дәл осылай түйіліп, зәремізді алғаны бар. Балама өзім жанұшырып, алғашқы көмек көрсетіп, әупірім­мен аман алып қалған едім. Сонда түйілген балаға алғашқы көмек беру керек болады екен деген ой келіп, өз бетімше оқып алған едім, – дейді полицей Иван Щевченко. 
Полицейге баланың ата-анасы алғысын айтты.