Аймақтар • 09 Шілде, 2019

Алматыда экологиялық менеджментті дамыту жолға қойылады

364 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы аудандарын аралау жұмысы қала әкімінің Алмалы ауданындағы жұмысымен жалғасын тапты. Бұл ауданда қала басшысы коммуналдық желілердің жағдайымен, абаттандырумен және мегаполис жолдарында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесімен танысты.

Алматыда экологиялық менеджментті дамыту жолға қойылады

Аудан әкімі Б.Торғаевқа экологиялық менеджментті жақсарту, апатты ағаштарды жойып, жасыл желектерді қорғау бойынша жұмыстар жүргізу жұмыстарын тапсырды. Аулаларды күрделі жөндеуден өткізу, газбен қамтуды дамыту, объектілерді, соның ішінде ең алдымен мектептер мен бала бақшалдарды сейсмикалық күшейту қажеттілігімен қатар тозған желілерді жөндеп, жеке үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу бойынша кешенді жұмыстар қолға алынуы тиіс.  

Осы жұмыс сапары барысында Бақытжан Сағынтаев «Алматы Тазалықтың» жұмысымен және жаңа өндірістік базаның құрылысымен танысты. Қаланы барынша таза ұстау, қоқысты дер кезінде жинау, арықтар мен жауын кәріздерін тазарту және алдағы қысқы маусымға дайындау жауакершілігіне жауапты мекемені жаңартуда жылы гараждар, тұз еріткіш тораптар, құм-тұз қоймасы және көлік жуатын орындар болады.

Бұдан өзге, Алматы әкімі өтпелі жолдардың қауіпсіздігі мен жолдардағы ЖКО оқиғалары мәселелерін қарады. Әкім реттелмеген өтпелі жолдарды абаттандыруды және оларды жарықтандыруды міндеттеді.  

Қала басшысы «Қала адамдар үшін» концепциясы аясында Жібек жолы көшесін модернизациялауға қатысты жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының да қарқынын тексерді. Бағдаршаммен реттеудің, видеобақылау жүйесін дамытудың тиімділігі сөз болды. Б.Сағынтаев жолдарда өлім мен жарақат алуды азайту жөніндегі «Vision Zero Almaty» Бағдарламасы аясында жол инфрақұрылымын реконструкциялауды тексерді. Бағдарлама жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған және жол-көлік оқиғасы кезінде өлім-жітімді азайтудың оң шараларын ұсынады. Жоспарда жолға, көшеге, жол белгілеріне жол қозғалысына қатысушыларды бейімдеу мен қоғамдық көлік қауіпсіздігін күшейту басты назарға алынған. Қаланы дамыту барысында жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің ортақ мүддесін қалыптастыру өте маңызды.

Қала басшысы сонымен қатар 1985 жылы іргесі қаланған Төле би көшесі бойындағы жылу магистралін модернизациялаудың барысын тескеріп, «АлматыСпецТехПаркингтің» жұмысымен танысты. Жобада әлемнің ірі қалаларының тәжірибелері негізінде автокөлік тұрақтарын ретке келтіру үшін ақылы тұрақтар желісін қалыптастыру, қала аумағын тиімді пайдалану және тұрғындар үшін жайлы орта жасау қарастырылған. Қазіргі кезде қалада 5909 тұрақ орындары бар, олардың 186 – мүгедек жандардікі. Тұрақтар кеңістігі құрамына тұрақтар, қозғалыстарды ұйымдастыру, қоғамдық көлік пен автомобильдерді эвакуациялау қызметі енген орталықтандырылған бірыңғай жүйе арқылы басқарылады.

Көлік және жол инфрақұрылым мәселесіне де назардан тыс қалдырмаған қала басшысы шет аудандарындағы жолаушы тасымалына көңіл бөлді. Қала қарқынды дамуы үшін жастардың белсендігі қажет деп атап өткен қала әкімі жастарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

 

АЛМАТЫ