Ауылымыз алға басуда
Жұма, 18 қаңтар 2013 7:19
Шемонайха ауданының еңбеккерлері өткен жылды ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан біршама табыстармен қорытындылады. Егін шығымы жаман болған жоқ, мал басы өсіп келеді. Ауданда әлеуметтік бағытта да көп істер тындырылды. Мұның бәрі Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруда атқарып жатқан жұмыстар деп айтуға негіз бар. Біз ұжымымызбен бірге Жолдауды зор ынта қоя тыңдадық.
Жұма, 18 қаңтар 2013 7:19
Шемонайха ауданының еңбеккерлері өткен жылды ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан біршама табыстармен қорытындылады. Егін шығымы жаман болған жоқ, мал басы өсіп келеді. Ауданда әлеуметтік бағытта да көп істер тындырылды. Мұның бәрі Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруда атқарып жатқан жұмыстар деп айтуға негіз бар. Біз ұжымымызбен бірге Жолдауды зор ынта қоя тыңдадық. Бүгінде әлем таныған, күллі төрткүл дүние мойындаған Қазақстанның 21 жыл бұрынғы жағдайы дәл осындай болады деп сенудің өзі шынында қиын еді. Бірақ, бұл бәріміз куә болған ақиқат дүние. Содан бері 21 жылда ұлан-ғайыр ұлы табыстарға қол жеткізе алдық. Қазақстан қазір жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа кезеңге аяқ басты. Дәл осы белес жаңа замандағы жаңа Қазақстанның орнын анықтады. Біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», деген Мемлекет басшысының сөзі кез келген қазақстандықтарға жігер береді деген ойдамын.
Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың алға басып келе жатқанына нақты деректер келтірілген. Соңғы 60 жылда әлемдік жалпы ішкі өнім 11 есе өсіпті. Ал Қазақстанда тек 15 жылда 16 есе өсім болған. Бұл табысты ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің де лайықты үлесі бар екенін айта кеткен жөн.
Біздің қожалық 1996 жылы құрылды. 2004 жылы «Выдрихинское» серіктестігі деген атқа ие болдық. Қазір серіктестікте 420 адам еңбек етеді. Олар жалақыларын уақытылы алады, әлеуметтік жағдайларын да шешуге назар аударамыз. Былтыр 12300 гектарға дәнді дақылдар ектік, гектарынан 18 центнерден астық ордық. Бұл Шемонайха ауданындағы үздік нәтиже. Ауылдағы су құбырын, мәдениет үйін балансқа алғанбыз, ауыл еңбеккерлері бос уақыттарын көңілді өткізеді. Бұрындары бізде еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерге отын, көмірін тегін жеткізіп береміз, демалыстарын көңілді өткізуге де назар аударамыз. Ауылдағы мектеп оқушыларына да қайырымдылық шараларын ұйымдастырып тұрамыз.
Жолдауда әркімнің өзінің тілін үйреніп, өз дінін, ұлттық салт-дәстүрін ұстануға еркіндік берілгені айтылған. Қазір ауылымызға оңтүстік аудандардан жергілікті ұлт өкілдері көшіп келіп жатыр. Олар басқа ұлт өкілдерімен тату, ынтымақшыл. Әр ұлт өкілдерінің мерекелері қызықты да маңызды өтеді. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы бәрімізді ұйымшылдық пен бірлікке шақыратын маңызды құжат екенін де мойындауымыз керек.
Александр БЕЛКИН,
«Выдрихинское» ЖШС директоры.
Шығыс Қазақстан облысы,
Шемонайха ауданы.