Бішкекте (Қырғызстан) «Еуроодақ-Орталық Азия» 15-ші жыл сайынғы министрлік конференциясы өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары және Еуропалық Комиссияның вице-президенті – Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могерини қатысты.

Конференцияда ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясының ресми тұсаукесері болды. Жиын барысында Қазақстан Сыртқы істер министрі Б.Атамқұлов Стратегия мәтініне шағын және орта бизнесті, көлік-логистикалық инфрақұрылымды, энергия тиімділігін, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, су ресурстарын тиімді пайдалану, білім беру, цифрландыру бойынша және т.б. қазақстандық ұсыныстарды енгізуді құптады.
Кездесуде Қазақстандық делегация өңірлік жобаларды қаржыландыру үшін ЕО Инвестициялық тетігінің (IFCA) әлеуетін және Еуропалық инвестициялық банктің (EIB) мүмкіндіктерін іске қосуды ұсынды.
Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне, соның ішінде Еуропалық одақпен бірлескен шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасын (BOMCA), есірткі жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын (CАDАP) жалғастыруға және кеңейтуге, сондай-ақ Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы желісі бойынша ынтымақтастықты жандандыруға назар аударды. Іс-шараның соңында Сыртқы істер министрлері және ЕО Жоғарғы өкілі «ЕО және Орталық Азия: Күшті серіктестікті бірге құра отырып» атты қорытынды коммюнике қабылдады. Онда ЕО-ның Орталық Азия елдерінің ұлттық күштерін қолдауға, өңірдің әлемдік сауда жүйесіне табысты кірігуіне және өңірішілік ынтымақтастықты ілгерілету үшін өз арсеналындағы барлық құралдарды іске қосуға ниетті екені айтылған.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар