Аймақтар • 10 Шілде, 2019

Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтеді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-14 шілде күндері Щучинск қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі мен FIS құрлықтық кубогі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтеді

Жарыстың ресми түрде ашылу салтанаты 10 шілде күні олимпиадаға даярлау орталығында, Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де өтеді.  Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS құрлықтық кубогі Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін халықаралық турнир. Аталған сын жазда да, қыста да ұйымдастырылады. Турнир әлем кубогіне қатысуға мүмкіндік беретін екінші деңгейлі іріктеу сыны саналады. Жарыста қажетті ұпай жинаған спортшы әлем кубогі кезеңіне қатысу мүмкіндігін алады.  

Ал FIS кубогі әлем кубогі кезеңдеріне қатысуға мүмкіндік беретін бірінші деңгейлі іріктеу турнирі. Бұл дода ерлер мен әйелдер арасында К-95 трамплинінде Австрия, Германия, Қазақстан, Корея, Норвегия, Ресей, Румыния, Словения, Украина, Швейцария, Жапония өтеді.  

Жарысқа 11 елден спортшылар қатысады. Атап айтар болсақ, Австрия, Германия, Қазақстан, Корея, Норвегия, Ресей, Румыния, Словения, Украина, Швейцария, Жапония өкілдері өзара бақ сынайды.