Аймақтар • 10 Шілде, 2019

«Протон-М» зымыран-тасығышындағы барлық ақау жойылды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Роскосмос» баспасөз қызметі «Протон-М» зымыран-тасығышы «Спектр-РГ» ресейлік обсерваториясымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізілгендігін айтады. «Спектр-РГ» обсерваториясын ұшыру 21 маусымнан 12 шілдеге қалдырылған болатын.

«Протон-М» зымыран-тасығышындағы барлық ақау жойылды

Себебі, зымыранды ұшыруға дайындау кезінде циклограммадағы қателіктен ғарыш аппаратының қыздырғышы уақытынан бұрын қосылып, салдарынан химиялық ток көзі «отырып қалған». Ток көзі бір рет қана пайдалануға жарайтындықтан, оны алмастыру үшін зымыранды монтаждау-сынақ корпусына қайтаруға тура келді. Байқоңыр ғарыш айлағында мамандар обсерваторияның сапарын кейінге қалдыруға себеп болған барлық ақауды жойды. Одан бөлек, циклограмма да түзетілген.

«Протон-М» зымыран-тасығышы 12 шілде күні, жергілікті уақытпен сағат 17:31-де ұшырылады деп жоспарланып отыр.

«Спектр-Рентген-Гамма» («Спектр-РГ») обсерваториясы - Ресей мен Германия бірігіп іске асырып отырған халықаралық жоба. Оның мақсаты – ғаламды рентген диапазонында зерттеуге арналған орбиталық астрофизикалық обсерватория құру.