Аймақтар • 10 Шілде, 2019

Қызылордада «Жастар» бастауыш партия ұйымы ашылды

474 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жастар жылы аясында жаңадан ашылған Жастар ресурстық орталығы базасында «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалына қарасты «Жастар» бастауыш партия ұйымы ашылды.

Қызылордада «Жастар» бастауыш партия ұйымы ашылды

Салтанатты шараға облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова мен қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов қатысып, қаладағы жастар ұйымдарының басын біріктіретін ұйымның жұмысына сәттілік тіледі.

- «Nur Otan» елдің, халықтың партиясы. Партияның әрбір мүшесі халықпен бірге болып, олардың мұң-мұқтажын шешуге, билікке жеткізуге жұмыс жасау керек. Осы орайда партия мүшелерінің белсенділігін арттыруға, азаматтармен және әр адаммен жеке диалог орнату жұмысын жандандыруды көздеп отырмыз. Бұл бастауыш ұйым болашақта жастарымызға партия тарапынан қолдау көрсететін орталыққа айналып, олардың саяси лидерлерге айналуына септігін тигізетін болады деп ойлаймыз және мұндай ұйымдарды мүмкіндігіне қарай аудан орталықтарынан да ашу жоспарланып отыр деген партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіру бойынша облыстық партия филиалы тарапынан қолға алынған жұмыстарды да атап өтті.

- Қазір бастауыш партия ұйымдарын оңтайландыру бойынша облыстағы шағын ұйымдар біріктіріліп, ірі бастауыш ұйымдар жасақталуда. Бұрын облыста 272 бастауыш ұйым болса, қазір 245 бастауыш ұйымға қысқарды. Қажеттілігіне байланысты кейбір бастауыш партия ұйымдары жетекшілігіне белсенді партия мүшелері сайланып жатыр. партиялық жарнапұлдан түскен қаражаттың 20 пайызын бастауыш ұйымдарға қайтару есебінен бастауыш партия ұйымдарының базасын нығайтуға жұмсауды жоспарлап отырмыз.

Бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен белсенділерін «Nur Otan» партиясының облыстық, қалалық және аудандық деңгейлердегі Саяси кеңестері мен Саяси кеңес Бюролары құрамына енгізу, оларды партиялық кадр резервіне қатыстыру жұмыстары да қолға алынуда. Осылайша бастауыш партия ұйымдары жетекшілері мен белсенділерін саяси жұмыстар мен шараларға көптеп қатыстыру арқылы олардың жергілікті проблемаларды шешуге араласуы мен олардың қызу жұмыстың орталықтарына айналуын көздеп отырмыз,-деді ол.