Аймақтар • 10 Шілде, 2019

Қостанайда медицина қызметкерлері арасында алғаш рет спартакиада өтті

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спартакиаданы медицина қызметкерлерінің «Сенім» кәсіподағы ұйымдастырды.

Қостанайда медицина қызметкерлері арасында алғаш рет спартакиада өтті

Қала сыртындағы «Параллель» демалыс базасына 800 қатысушыдан тұратын 42 команда жиналды. Денсаулық сақшылары жарыстың 17 түрінен өздерінің жылдамдығын, ептілігін көрсетті. Онда дәрігерлер қол күрестірді, арқан тартты, жүгірді, гір көтерді, шахмат ойнады, басқа да көптеген сынақтан өтті. Әр аурухананың өзінің киген формасы, көшбасшылары, олардың жанкүйерлері болды. Жарыстың бас төрешісі Наталья Сухачева дәрігерлер арасында мұндай кең көлемді демалыс және спорт іс-шарасы көп жылдан бері өткізілмегенін айтты.

Жарыс қорытындысындағы жалпы командалық есепте облыстық аурухана бірінші орынды, Қостанай аудандық орталық ауруханасы екінші орынды, Амангелді аудандық орталық ауруханасы үшінші орынды жеңіп алды.

«Алғашқы спартакиада соңғы болмайды, бұл облыс медицина қызметкерлері арасында дәстүрге айналады. Келесі жылғы шілдеге дейін командалардың дайындалуына уақыт бар» деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник.


Қостанай