Сапалы өнімге сұраныс молайды
Жұма, 25 қаңтар 2013 7:10
Құрманғазы ауданында 1936 жылы іргесі қаланған Шортанбай балық зауыты бар. Бұл зауытта бұрын 10 түрлі балық өнімі дайындалушы еді. Қазір балық өнімдері 4 есеге көбейіп, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуына жол ашылды. Мұнда ысталған, қақталған балық түрлері де, шортанның уылдырығы да дайындалады. Балық зауытының атқарушы директоры Болат Абдуловтың айтуынша, 140 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Ал балық аулау маусымында жұмысшылар қатары 280-ге дейін жетеді. Ұжым жылына 4 мың тонна балық түрлерін аулайды. Одан сан-алуан балық өнімдерін шығарады.

Бұл зауытта дайындалған балық өнімдеріне Қазақстанның өзге өңірлерімен бірге, Ресей, Украина және Грузия секілді ТМД елдерінен де сұраныс ұдайы түседі екен. Зауыт басшылығы сол себептен балық өнімдерінің түрлерін көбейтуді, осы мақсатқа қол жеткізу үшін жаңа технологиялар орнатуды көздеп отыр. Болашақта балық өнімдерін Еуропа елдерінің рыногына шығаруды да ойластыруда.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы,
Құрманғазы ауданы.