Қуаңшылық зардабы қаншалықты өтелді?
Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:14
Сіз не дейсіз?
Былтыр өңірде жаз шығысымен аңызақ аптап ұрып, бір тамшы жаңбыр жаумады. Бұл ерте көктемде үкілі үмітпен егіс салған диқан қауымы егінінің күйіп кетуіне соқтырды. Егін алқаптарын сақтандырған шаруалар қуаңшылықтың зардабына өтем жасала ма, жоқ па деп күні кешеге дейін алаң көңіл күй кешті. Қуаңшылықтың шығыны қаншалықты өтелді? Шаруалардың шығыны толық қолдарына тиді ме?
Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:14
Сіз не дейсіз?
Былтыр өңірде жаз шығысымен аңызақ аптап ұрып, бір тамшы жаңбыр жаумады. Бұл ерте көктемде үкілі үмітпен егіс салған диқан қауымы егінінің күйіп кетуіне соқтырды. Егін алқаптарын сақтандырған шаруалар қуаңшылықтың зардабына өтем жасала ма, жоқ па деп күні кешеге дейін алаң көңіл күй кешті. Қуаңшылықтың шығыны қаншалықты өтелді? Шаруалардың шығыны толық қолдарына тиді ме?
«Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі Сатыбалды Сәуірбай «Ақтөбе Полис» өзара сақтандыру қоғамы» өндірістік кооперативінің директоры Қуаныш Нұршинге:
– Сіз бұған не дейсіз?
– Шыны керек, егіншілер өткен жылғы жазға үлкен үміт артып еді. Алайда, үміт ақталмады. Табиғат тосын мінез танытты. «Жау жағадан алғанда, ит етектен» дегендей, облыс аумағында шегіртке «шеруі» де болып өтті. Осындай табиғат апаттарының салдарынан облыста 332,0 мың гектар алқаптың егіні жинауға келмегендіктен, есептен шығарылды. Мұндай жағдай сегіз ауданның егіс алқаптарына тән, оларда егіннің 35-80 пайызына дейін жарамсыз болып қалды.
2010 жылы да қуаңшылық болған-ды. Ол кезде сақтандыру қоғамының несиелік портфелінде небәрі 70 миллион теңге ғана бар еді. Ал егіні жинауға келмейтін 300,0 мың гектар алқап есептен шығарылды. Облыста төтенше жағдай жарияланып, сол кездегі облыс әкімі Елеусін Сағындықов қаржылай қолдау көрсетіп, 830,0 миллион теңге берешекті өтеуге көмектескен болатын.
Міне, жоғарыда айтып өткенімдей, 2012 жылы да сондай жағдайға ұшырадық. Биыл сақтандырушылардың төлемдерінен 74 миллион теңге ғана жиналды. Оның 42,0 миллион теңгесі өзара есеп айырысу арқылы жабылды, ал, 32,0 миллион теңгесі сақтандырушыларға берешекке төленді. Біз өз күшімізбен егіндерін сақтандырған шаруашылық құрылымдарымен есеп айырыса алмайтын едік. Себебі, біздің қаржылық жағдайымыз көтермейді. Соңғы жылдардағы қуаңшылық еңсемізді тіктеуге мүмкіндік бермеуде. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жағдайды түсініп, демеушілердің есебінен 140 миллион теңге бөлуге ықпал етті. 2013 жылғы 10 қаңтарға 2012 жыл үшін 320,0 миллион теңге өтем жасалды. Сондай-ақ, 2010-2011 жылдарғы берешекке 23,1 миллион теңге төленді. Сонда шаруаларға барлығы 343,1 миллион теңге өтем жасалды. Өтем қаржыларын алған шаруалар алдағы көктемгі егіске дайындыққа кірісіп те кетті.
Ақтөбе облысы.