Әлем • 11 Шілде, 2019

2019 жылы қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

372 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының азаматтары Америка, Азия, Таяу Шығыс, Африка және ТМД-ның бірқатар еліне визасыз бара алады.

2019 жылы қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

sputniknews.kz

14 күнге дейін

Қытайлық Гонконгта Қазақстан азаматтары 14 күнге дейін виза рәсімдемей-ақ жүре алады.

28 күнге дейін

Барбадос билігі қазақстандықтарға өз шекарасын ашты.

30 күнге дейін

Қазақстан азаматтары Аргентина, Бразилия, Индонезия, Ливан, Малайзия, БАӘ, Сейшель аралдары, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан, Филиппин, Черногория, Оңтүстік Корея, Эквадорда визасыз 30 күнге дейін бола алады.

90 күнге дейін

Қазақстандықтар үш айға дейін визасыз келесі елдерге бара алады:

  • Ресей
  • Әзербайжан
  • Албания
  • Беларусь
  • Колумбия
  • Коста-Рика
  • Қырғызстан
  • Молдова
  • Моңғолия
  • Намибия
  • Түркия
  • Украина

180 күнге дейін

Арменияда қазақстандықтар жарты жыл визасыз емін-еркін жүре алады.

365 күнге дейін

Грузия Қазақстан азаматтарына визасыз режимді бір жылға ұсынады.


Қазақстандықтардың виза алу кезіндегі төлейтін баж мөлшері қандай?

Бангладеш — 50 доллар, визаның мерзімі — 30 дней күн;

Бурунди — 90 доллар, визаның уақыты – 30 күн;

Шығыс Тимор — 30 доллар , визаның мерзімі - 30 дней.

Вьетнам — виза алу үшін акредиттелген туристік фирманың шақырту хаты қажет, бір реттік визаның бағасы – 25 доллар;

Гренада —қазақстандық турстер үшін визаның мерзімі -90 күн;

Доминикана — елге келгенде – 10 доллар, қайтқанда – 20 доллар төлеу керек. Визаның мерзімі 30-60 күн;

Джибути — 30 доллар, виза – 30 күн;  

Замбия — 50 доллар, виза – 30 күн. Бұл визамен Зимбабве мен Ботсванаға барып келуге болады;

Египет — 25 доллар, виза – 30 күн;  

Кабо-Верде — 25 еуро, виза – 30 күн;

Иордания — 57 доллар, виза – 30 күн;

Лаос —30 доллар, виза – 30 күн. Бұл визаны елдің ішінде жүріп ұзартуға болады;

Маврикий — елден шығарда 17 доллар төлеуді ұмытпаңыз. Визаның мерзімі – 60 күн;

Мадагаскар —65 доллар, виза – 90 күн;

Макао — 12 доллар, виза – 30 күн;

Мозамбик — визаны Мапуту әуежайынан ғана алуға болады. Визаның бағасы мен мерзімі – 30 күнге 25 доллар.

Непал — 30 доллар, виза – 30 күн. Қайтарда тағы 17 доллар төлеу қажет;

Палау —  50 доллар,  виза 30 күн;

Таиланд — қазір бұл елде виза үшін төлем алынбайды. Бұрынғы бағасы 60 доллар, мерзімі – 15 күн болатын;  

Ямайка — 100 доллар, виза – 30 күн Қайтарда тағы 20-25 доллар төленеді;

 

Онлайн-виза рәсімдеуге болатын елдердің тізімі:

Визаны онлайн алу кезекте тұруды қажет етпейді. Барлық қажетті құжаттарды жинақтап, баж төлеп, бірнеше күн немесе сағат ішінде виза алуға болады. Алайда визаға өтінішті жолға шығатын уақытқа 30 күн қалғанда жазып бастау керек.

Кения;

Камбоджа;

Зимбабве;

Габон;

Мьянма;

Кот-д’Ивуар;

Үндістан;

Сент-Китс и Невис;

Сан-Томе и Принсипи;

Руанда;

Уганда;

Сингапур;

Шри-Ланка.