Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Солтүстікқазақстандық тұрғын әкесін 77 жылдан кейін тапты

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар ауданының тұрғыны Борис Бурков Ресейдің Новгород облысы Поля деревнясында өткен жерлеу рәсіміне қатысып қайтты.

Солтүстікқазақстандық тұрғын әкесін 77 жылдан кейін тапты

Әкесі  майдан даласына аттанғанда Боря  алты жаста болған.  Кескін-келбетін  фотоларға қарап қана елестете алады.

«Әкеммен қақаған қыста сабан жинағаным есімде. Үлкен денелі, кең иықты қалпында есімде жатталып қалыпты», дейді ұлы.

Николай Иванович сұрапыл шайқастардың бірінде 1942 жылы 24 мамырда қаза тапқан.  Борис әкесінің қайда жерленгенін сұрастырып, тиісті орындарға бірнеше рет сауал жолдағанымен, еш нәтиже бермеген.  Іздеу жасақтарынан да көмек сұраған.

Енді, міне, арада 77 жыл өткенде Борис Бурковтың үйіне қуанышты  хабар келген.  Новгород облыстық қоғамдық ұйымының «Находка» деп аталатын іздеу жасағының жетекшісі Николай Бурковтың денесі табылғанын хабарлаған. Медальонда аты-жөнімен қоса Новокаменка ауылының тумасы екені жазылған.

Еңбек ардагері  жиенімен бірге жерлеу рәсіміне  туған жерден бір уыс топырақ ала барған. Поля деревнясында  60 жауынгердің денесі жер қойнына қайта тапсырылған.

Солтүстік Қазақстан облысы