Қоғам • 12 Шілде, 2019

Ақпараттық керуен жолға шықты

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастар арасындағы әлеуметтік бірлікті дамыту мәдениеті жобасы аясында этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен елімізде ақпараттық керуен басталды. Бұл туралы Ұлттық Дельфий комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпараттық керуен жолға шықты

Керуен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» әлеуметтік жобасының шеңберінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ грантын іске асыру мақсатында өтуде.

Еліміздің белсенді жастарын біріктіруді көздеген керуен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіреді. Әлеуметтік жобалар зертханасы – «әлеуметтік лифттер» платформасын, білім берудегі инновацияны  дамыту, «Қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бизнес-инкубаторы. Модератор-бапкерлер ретінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мәдениет қайраткерлері тартылып отыр. Сондай-ақ спикерлердің қатарында білім беру, мәдениет, тарих және бизнес саласындағы қайраткерлер мен сарапшылар да бар. Олар өз баяндамаларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі міндеттерінің 5 блогына, атап айтқанда Қазақстан тарихы, мәдениеті, экология, білім беру мен тағы басқа  салаларға ерекше назар аударады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының жанындағы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын ерекше атап өтті.  

Керуен ағымдағы жылдың 10 шілдесінен басталып, Қазақстанның 17 қаласын аралап, қараша айында аяқталады. Ақмола облысында түндігі түрілгеннен кейін керуен сарапшыларының делегациясы СҚО, одан әрі еліміздегі моноқалалар мен аудандарды аралайды.