Әлем • 12 Шілде, 2019

Бірлік саламын деп басы дауға қалды

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пробация бақылауында жүрген азаматша қалалық пробация қызметкерінің ұялы телефон нөміріне 4700 теңге бірлік салған. Заңсыз сыйақы жөнінде пробация қызметкері азаматшаның іс-әрекеті туралы өзіндік қауіпсіздік қызметіне хабар береді.

Бірлік саламын деп басы дауға қалды

Осы жағдай бойынша:

«Лауазымды тұлғаға заңсыз сыйақы берген азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 676-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Оған сот қаулысымен 353500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кету керек, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген қызметкерге немесе оған теңестiрiлген адамға көлемі 2 АЕК (5050 теңге) көрсеткішке дейінгі ақша, бағалы қағаздар, мүлiк немесе қызмет көрсету заңсыз сыйақы болып табылады. Ал, шығын көлемі одан асқан жағдайда ол пара болып табылады», - деді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Мұрат Ысқақов.

Қызылорда облысы