Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Парламент Мәжілісінің депутаты ауылдарды аралады

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депуттары Кәрібай Мұсырман жұртшылықпен кездесулерде Нұр Отан партиясының 18-съезінде Елбасы тапсырған міндеттердің, мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанын хабардар етті.

Парламент Мәжілісінің депутаты ауылдарды аралады

Халық қалаулысы жұмыс сапары барысында М. Жұмабаев ауданына қарасты Ноғайбай ауылында болып,  елді мекен тұрғындарының тұрмысымен танысты.

Ауылдың гүлденуіне осы жердің тумасы, аудандық мәслихаттың депутаты, белгілі  меценат, «Ноғайбай» ЖШС-нің директоры Алтынбек Сапаров елеулі үлес қосып келеді. Кәсіпкер осында демалыс саябағын ашып, жастарға футбол және баскетбол, сондай-ақ жаттығу алаңдарын салып берді.  Жыл сайын  әлеуметтік салаларға 50 миллион теңге мөлшерінде  қаражат бөлінеді.

«Ноғайбай – бұрынғы кеңшардың бөлімшесі ретінде болашағы жоқ деп танылған болатын. Оны елдің азаматы Алтынбек Сапаров серіктестік құру арқылы сақтап қалды. Әр ауылда осындай  азаматтар тірлік жасаса, ауылдар тозбайды, сақталады өсіп өркендейді. Соған менің көзім жетіп отыр», деді Парламент Мәжілісінің депутаты.

Биыл бұл ауылға оңтүстіктен 3 отбасы көшіп келмек. Олар қоныстанатын баспаналар дайын. Күнгейден қоныс аударған  Базарбаевтар отбасы  шаруа қожалығында еңбек етеді.

«2017 жылы  көшіп келдік.  Құшақ жайып қарсы алды. Жағдайымыз жақсы. Балаларымыз мектепте оқиды, дейді Айнұр Базарбаева.

Мұнда былтыр фельдшерлерлік орталық  бой көтерген болатын. Медициналық пунктті А. Сапаров өз қаражатына салып беріпті. Күндізгі станционар жұмыс істейді. Дертіне шипа іздеп келген тұрғындарға 3 дәрігер медициналық қызмет көрсетеді. Дәрі-дәрмек іздеп, аудан орталығына сабылмайды. Ауылда 100 адам тұрады,  24-і– балалар.