Жергілікті БАҚ мәліметінше, елдегі табиғат апатынан 43 адам қаза тапты. Тағы 24 тұрғынның тағдыры беймәлім. Өңірде көлік қозғалысы тежелді. Көпірлер қирап, ғимараттар опырылып жатыр. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Қауіпті аймақтарда мыңдаған адам бар.
Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді, соған қарағанда жауын әлі де жауатын көрінеді.