Қазақстан • 16 Шілде, 2019

Қазақмыс биыл екінші рет барлық жұмысшыларының еңбекақысын көтерді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмысшыларының жалпы саны 38 671 адам болатын «Қазақмыс холдинг» ЖШС басшылығы шілде айынан бастап, биылдыққа екінші рет барлық жұмысшылардың еңбекақысын көтеру туралы шешім қабылдады.

Қазақмыс биыл екінші рет барлық жұмысшыларының еңбекақысын көтерді

Компанияның жалпы еңбекақы төлеу қоры шамамен 10 пайызға ұлғайды, сонымен бірге мамандық бойынша еңбекақының өсуі дифференциалды болады және ол қазіргі ақыға байланысты болмақ.

Кенші, металлург және байытушы мамандықтары күрделі әрі қауіпті болып саналады. Сондықтан Қазақмыс әрқашан еңбек ұжымдарының жағдайын ескере отырып, мүмкіндігінше еңбекақыны көтеріп отыруға тырысады. Лайықты және бәсекеге қабілетті еңбекақы – әлеуметтік жағдайдың маңызды факторы.

Естеріңізге  сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақмыс корпорациясының жұмысшылары көбейтілген жалақы алып келеді. Еңбекақыны өсіру Қазақстан Республикасындағы төменгі жалақы мөлшеріндегі өзгерістерге байланысты жасалған болатын.

«Қазақмыс холдинг» ЖШС  – табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы жетекші компания, Қазақстандағы ірі мыс өндіруші. Компания құрамында  он екі кеніш, алты кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты және екі көмір разрезі бар. Қазақмыс кен өндіретін және оны өңдеп, тауарлы металлға айналдыратын өндірістік нысандарды басқарады.  2018 жылы 238,858 мың тонна катодты мыс өндірілді, 3112 кг алтын құймалары алынды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2250 кг) 862 килограммға артық (+38,3%).

Қазақмыс – әлемдегі ірі күміс өндірушілердің бірі  –  2018 жылы 242,0 тонна тазартылған күміс алынды.

Корпорация  кәсіпорындар мен аймақтарды электр энергиясымен қамтамасыз ететін ішкі электрстанцияларына ие.