Қаржы көлемі қомақты
Сенбі, 30 наурыз 2013 1:59
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің 1 млн. гектардан астам жерге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін берген өтініштерін мақұлдады
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ республикалық бюджет қаржысы аясында агроөнеркәсіп кешені нысандарын қолдау мақсатында көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізуге ниет білдірген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жалпы сомасы 26 млрд. теңге болатын өтініштерін мақұлдады, бұл қаржы биылғы көктемде 1 млн. гектардан астам алқапқа егін егуге мүмкіндік береді.

Соның ішінде көктемгі егіс жұмыстарын несиелеу мақсатында бүгінгі күні Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жалпы сомасы 15 млрд. 500 млн. теңгеден аса қаражатқа қаржыландырылды.
Бұл қаржы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің уақтылы қажетті шараларды өткізуге мүмкіндік береді, атап айтқанда: жанар-жағармайды сатып алу; ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге арналған материалдар мен қосымша құрылғылар; минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары; ауылшаруашылық өнімін сақтандыру кезінде сақтандыру жарнасын төлеу.
2013 жылы агроөнеркәсіп субъектілерін несиелеу бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын несиелеу үшін корпорация республикалық бюджет қаржысы есебінен 40 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр.
Көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын несиелеу шеңберінде республикалық бюджеттен қарызға алынған қаражат есебінен өткен жылы корпорация егіс және жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін 1 млн. 500 мың гектардан астам алқапқа жалпы сомасы 28 млрд. теңгеден аса қаражат бөлді.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустрияландыру және әртараптандыру. Компания «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.
Марат АҚҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан».