Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Алматы «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық туристік жобасына қосылды

376 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл күндері Алматы қаласы «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық туристік жобасына қосылып отыр. Бұл – Еуропаның 40-тан астам қаласында күнделікті жергілікті уақытпен 15:15-те басталатын заманауи саяхатшыларға арналған қалалық пайдалы экскурсиялар легі. Алматы – «15:15 форматында» серуендеуге болатын Қазақстанның алғашқы қаласы болмақ.

Алматы «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық туристік жобасына қосылды

Мәскеуде немесе Парижде, Мадридте, Римде, яки Петербургте «15:15 - тегі  саяхаттар» жобасының экскурсиялары –  бұл қаламен жылдам, қызықты және тез танысудың тәсілі: танымал жерлер, пайдалы кеңестерді қамтып, қазіргі заманауи өмірге сапар шектіреді. Жоба дербес саяхатшылар мен кәсіби гидтерді біріктіреді. Олар қаланы сыралғы достарымен бірге жүріп серуендегендей әсер қалдырады. Саяхаттардың бағыттары – көрнекі жерлер мен жергілікті халық жақсы көретін «туристік емес» орындарды біріктіреді.

«Біз өзіміздің мақтан тұтатын шаһарымызды көрсеткіміз келеді. Қаламыздың әртүрлі ұлттағы – қазақ Қонаев, француз Гурде, орыс Калмыков және тағы басқалары – қаламыздың атақты тұрғындары жақсы көргендей қонақтарымыз да ыстық лебізбен қаламызды жақсы көріп, олардың қайта-қайта келгенін қалаймыз», – дейді «Алматыда 15:15-те» жобасының басшысы Екатерина Корчагина.

Аталмыш жобаның негізін қалаушы және ғаламдық директоры Юрий Цыбулько: «15:15-тегі  саяхаттар» жобасы жаңа деңгейдегі мини-топтарда серуендеу форматына кіреді және қонақтар жиі аялдайтын Алматы тұрғындары үшін көмекшіге айналу керек. Ал Қазақстанның  барлық тұрғындарын халықаралық желінің бөлігі болып табылатын өзге қалалардағы «15:15-тегі  саяхаттар» экскурсияларында қуана қарсы аламыз» дейді.

15:15 форматындағы серуендеу қазіргі күндері «Көне қала» деп аталатын, ал ХІХ ғасырда «Жаңа қала» деп аталған – Алматының қақ ортасында орналасқан Вознесенский  шіркеуінің есігінен басталады. Әрі қарай бағдар жаяу жүргіншіге қолжетімді ең танымал қаланың көрнекі жерлерінен өтеді.

Туристер алдымен заманауи «Арт и Шок»  театрының жанында серуендейді, ол толығымен өзінің атына сәйкес келеді, панфиловшы – батырлардың даңқ мемориалын көреді, қаланың басты жаяу жүретін көшесінің тарихымен танысады. Мәселен, бұл көше әр жылдары Казарменная, кейін Красноармейская, ал қазір Панфилова көшесі болды. Әйгілі «Арасан» моншаларын көреді және қалада осы монша кешені қалай пайда болғандығын біледі. Сонымен қатар, тарихы 160 жылды құрайтын атақты «Көк базарды» аралайды. Сонымен осы жерде бағдар аяқталады, себебі Алматының базарын аралау – бұл бес минуттық, тіпті бір сағаттық іс емес.

Сонымен бірге қала қонақтарына мини-турларда Алматы  неліктен мың құбылған бояулар қаласы екендігін біліп, әйгілі қала тұрғындары туралы аңыз әңгімелер тыңдайды және алуан түрлі мәдениеті мен көп этностық ерекше рухты және ғажап атмосферасына ұлы Жібек Жолының қалай бөлегенін ұғады.


АЛМАТЫ