Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Алматыда жас кәсіпкерлер жобасы басталды

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» ҰКП еліміздің барлық өңірлері бойынша 17 шілдеден бастап «Жас кәсіпкер» жобасын жолға қойды. Мақсатты аудиториясы NEET санатындағы жастар, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 18 бен 29 жас аралығындағы еңбекке жарамды мүгедектер. Жастарды кәсіпкерлік қызметке жаппай тарту, кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және қолдау, бизнес жүргізу үшін практикалық оқыту және дағдыларды игеру, жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дәріптеу, ауылда және қалада бизнес ортаны қалыптастыруды мақсат ететін жоба аясында жастар кәсіпкерліктің әліппесін танып, бизнес дағдыға машықтанатын болады. Өз бизнесін ашуға және грант түрінде бастапқы 200 АЕК (505 мың теңге), жеңілдетілген несиені жылдық 6 пайызбен 8000 АЕК-ке дейінгі жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.

Алматыда жас кәсіпкерлер жобасы басталды

 Жоба ұйымдастырушылары оқыту қаланың барлық 8 ауданында өтетін кәсіпкерлік дағдыға баулу ҰКП дайындаған оқу жоспарына сәйкес тәжірибелік тапсырмаларды, кейстерді, іскерлік ойындарды қолдана отырып, кәсіпкерлік қызметті нарықтық экономика жағдайында 32 оқу сыныптарында өтетін болады.

Әрі әрбір қатысушыға 19273 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді. Жобаға қатысу үшін қатысушылар жеке куәліктің көшірмесін, мекен-жай анықтамасын (egov.kz) өткізіп,  өтініш толтыруы қажет.

Құжаттар Алматы қаласындағы Кәсіпкерлер палатасында (Жібекжолы даңғылы, 135 Амангелді көшесінің қиылысы, 8-қабат) және көрсетілген сілтеме бойынша  (http://atameken.kz/kk/news/32541-v-almaty-ob-yavlyaetsya-nabor-uchastnikov-na-proekt-zhas-kspker) қабылданады. Толығырақ ақпарат алу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП байланыс орталығына хабарласу қажет: 1432 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), Алматы қаласы бойынша +7 (727) 33 101 33 (ішкі байланыс 803, 7535).