Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Алматыда Қытай елінің сурет көрмесі ашылады

731 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шілденің 23-і күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қытай кескіндемесі және графикасы. 19-21 ғасырлар» атты сурет көрмесі көрермен қауымға жол тартады.

Алматыда Қытай елінің сурет көрмесі ашылады

Жинақтамада 230-дан астам туынды бар, оның 70-тен астамы экспозицияға қойылды. Олардың ішінде Ци БайШи мен Сюй БейХунның орама түрінде және Ма Цзюань мен Янь Шуанның ерекше қызығушылық тудыратын түпнұсқа туындыларымен танысу мүмкіндігі бар. Әлемдік қауымдастықтың Аспан асты елінің мәдениетіне ықыласын оятуға Орта ғасырдағы мемлекеттің ең белгілі шеберлерінің жұмыстарының өзіндік көшірме картинасын жасаған белгісіз авторлардың тамаша баспа туындыларының қосқан үлесі қомақты.

– Қытай ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада оқшауланған жағдайда болды. Мүмкін, сондықтан да болар, мұнда өзіндік  рухани және материалдық мәдениет қалыптасты. Елге басқа өркениеттің ықпалы болмады десе де болады. Керісінше, ол басқыншы елдердің өзіне жат өнерін бойына сіңіріп, оны өзіне ыңғайлап алды, сөйтіп ол біржола Аспан асты елінің дәстүрлі мәдениетімен араласып, сіңісіп кетті. Чжунгоны мекен еткен адамдар Адам баласына лайықты білім тұтастығына, «барлық заттардың тұтастығына», сезімдер мен ойлардың тұтастығына қарай ұмтылды. Адамның адаммен, адамның табиғатпен үйлесімі осының формуласы болуы тиіс еді. Қытайлықтар адамды табиғат жаратады, табиғатқа бағынады, табиғатта өмір сүреді, сөйтіп, сол жер қойнына түсіп, жоғалады деп есептеді. Бұл дүниетанымдық постулат суретшілердің шығармашылығына негіз болды, – дейді көрме жетекшісі Мария Копелиович.


АЛМАТЫ