Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Алматы әкімі «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау барысын талқылады

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімдігінің мәліметтері бойынша, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау және дамыту, инвестиция тарту мен экспорттық әлеуетті күшейту шараларын негізге алды.

Алматы әкімі «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау барысын талқылады

Кездесуге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Айдар Арифханов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Марат Омаров, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Худайбергенов, «Қазақстанның Тұрғынүйжинаққұрылыс банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, «ИҰ «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алтай Күздібаев, «Даму» КҚҚ» АҚ басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева, «Казахэкспорт» АҚ басқарма төрағасы Руслан Искаков, «Қазақстанның Даму банкі» басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов, «Кепілдемелі тұрғын үй құрылысының қоры» АҚ басқарма төрағасы Дулат Жарлықапов қатысты.

Қала әкімі жиынға қатысушыларды шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің бірыңғай өңірлік бағдарламасы қабылданып, онда әкімшілік кедергілерді жоюдың, мегаполистің инвестициялық тартымдылығын арттырудың шаралары көрініс табатындығын мәлімдеді. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, жұмыс орындарын ашу мен инвестиция тартудың негізгі міндет әрі осы орайда «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқарудың рөлі жоғары екендігін атап өтті. 


АЛМАТЫ