11 Сәуір, 2013

Шаруа қолы ұзарды

254 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шаруа қолы ұзарды

Бейсенбі, 11 сәуір 2013 1:35

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің 2 миллион гектардан асатын алқапқа көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін берген өтініштерін дер кезінде мақұлдады.

«Көктемнің әр күнін жылға азық», деп бағалайтын диқандар үшін қазір жұмыстың нағыз қызған шағы. Күнгейде көктемгі егін егу жұмыстары әлдеқашан қарқын алса, теріскейде техникаларын сайлаған дала еңбеккерлері межелі мерзімге сақадай сай отыр. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне биылғы егін егу жұмыстарын уақытылы жүргізуіне «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржылай несие беруді жалғастыруда.

Бейсенбі, 11 сәуір 2013 1:35

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің 2 миллион гектардан асатын алқапқа көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін берген өтініштерін дер кезінде мақұлдады.

«Көктемнің әр күнін жылға азық», деп бағалайтын диқандар үшін қазір жұмыстың нағыз қызған шағы. Күнгейде көктемгі егін егу жұмыстары әлдеқашан қарқын алса, теріскейде техникаларын сайлаған дала еңбеккерлері межелі мерзімге сақадай сай отыр. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне биылғы егін егу жұмыстарын уақытылы жүргізуіне «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржылай несие беруді жалғастыруда. Корпорация жақында республикалық бюджет қаржысы есе­бінен агроөнеркәсіп кешені нысандарын қолдау мақсатында көктемгі егін егу жұмыстарын жүйелі жүргізуге ниет білдірген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жалпы сомасы 33 млрд. 833 млн. теңгеден астам тұратын өті­­­ніш­­­терін мақұлдады. Бұл қаржы биылғы көктемде 2 млн. 200 мың гектардан асып жығылатын алқапқа егін егуге мүмкіндік береді.

Соның ішінде көктемгі егіс жұмыс­тарын несиелеу мақсатында корпорация қазіргі таңда Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жалпы сомасы 27 млрд.-тан аса теңгеге қаржыландырды.

Бұл қаржы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің күнделікті қажетті шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге арналған материалдар мен қосымша құралдарды, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алып, ауылшаруашылық өнімін сақтандыру кезінде сақтандыру жарнасын төлеуге жұмсалады.

Биылғы жылы агроөнеркәсіп субъек­тілерін несиелеу бағдарламасы бойын­ша көктемгі егіс және жиын-терін жұ­мыстарын несиелеу үшін корпорация республикалық бюджет қаржысы есебінен 40 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Көктемгі егіс және жиын-терін жұ­­­мыстарын несиелеу шеңберінде рес­­­публикалық бюджеттен қарызға алынған қаражат есебінен өткен жылы корпорация егіс және жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін 1 млн. 500 мыңнан артық гектар алқапқа жалпы сомасы 28 млрд. теңгеден аса қаражат бөлді. Сөйтіп, соның нәтижесінде шаруа қолы ұзарып, діттеген межеден шығуға құлшынып отырған жайы бар.

Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».