Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

344 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде көпвекторлы сыртқы саясаттың «елімізге, ұлттық бизнеске, әр азаматымызға нақты пайдасын тигізуі тиіс» екенін айтты. Отандық дипломатиялық қызмет әлемнің кез келген жерінде ұлттық мүддемізді нық қорғауы тиіс. Бұл ретте саяси прагматизм мен экономикалық мақсатқа негізделген тиісті басымдықтарды анықтаудың маңызы аса зор.

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында еуропалық ел­дердің алатын орны айрықша. Қазақ­стан мен Еуроодақ ара­сын­дағы ын­ты­мақтастықты кеңей­ту туралы келісімді іске асыру үшін еуропалық тараппен жүйе­лі жұмыс істеуіміз қажет. Еуроодақтың Орталық Азия бо­йынша биылғы маусымда қа­был­даған жаңартылған стратегиясы се­ріктестікті нығайту үшін тың мүм­кін­діктерге жол ашады.

Еуропалық одақ – Қазақ­стан­ның ірі сауда-экономикалық және инвес­тициялық серіктесі. Еліміздің сыртқы сауда айна­лы­мының және Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шет­елдік инвестицияның жартысы Еу­ропалық одақ мемлекеттеріне тие­сілі. Осыған байланысты, Қазақстанның Болгария, Латвия, Пор­ту­галия, Сербия, Словакия және Эс­то­ния елдеріндегі дипломатия­лық миссияларына толыққанды елші­лік мәртебесін беру – Еуро­па мем­лекеттерімен өзара іс-қимыл­дарды те­реңдетуге бағытталған маңызды қадам.

Қазіргі уақытқа дейін осы елдер­де біздің дипмиссияларымыз бен кон­сулдықтарымыз ғана жұмыс істеді. Бұл аталған мем­ле­кеттермен өза­ра ынтымақ­тас­тықты қарқынды да­мытуға толық мүмкіндік бермеді.

Жоғарыда көрсетілген мем­ле­­кет­тердің елшіліктері Қазақ­станда тиісті деңгейде жұмыс істеуде. Осыған орай біздің серік­тестеріміз Нұр-Сұл­тан тарапынан лайықты қадам жасалатынына сенім білдіргендерін атап өту қажет.

Ауқымы жағынан шағын ел­ші­лік­терімізді қаржыландыру мәсе­лесі жұмыс істеп тұрған дипло­ма­тиялық миссиялардың бюджеті шең­берінде қарастырылған. Бұл – әлем­дік тәжірибеде бар тәсіл, яғни мем­лекеттер дипломатиялық өкілдік­тердің ықшам, кәсіби, тиімді құрамы негізінде сапалы әрі нәти­желі қызметке баса назар аудара­ды. Осылайша Қазақстан Президен­тінің СІМ ұсынысы бойынша қол қойған Жарлығы Еуропалық одақ­тың маңызды серіктестерімен қа­рым-қатынастарды дамытуға тың сер­пін беру үшін қажетті әрі орынды шешім болды. Аталған бастама мем­лекетіміздің сыртқы саяси жә­не сыртқы экономикалық қызме­тін әр­тараптандыруға арналған мін­деттерді жүзеге асыруды көз­дейді.


Мұрат НҰРТІЛЕУОВ, 
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі