20 әйел «Жәрдем» жобасымен тігіншілік курсынан өтті. Олардың арасында көп балалы аналар, өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен отырған немесе түрлі жайтқа орай үйден шыға алмайтын әйелдер бар. Шараны Nur Otan партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес Тұңғыш Президент – Елбасы қоры мен «Ютария» тігін фабрикасының қолдауымен ұйымдастырды.

«Ютария» тігін фабрикасының базасында тігін шеберлігін үйреніп, оқу аяғында кәсіп үйренушілерге шебер сертификатымен қоса жұмыс бастау үшін тігін машинасы салтанатты түрде табыс етілді. Жиында сөз алған Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей қазақ қоғамында аналардың алар орны ерекше екенін атап өтті. «Тарихты парақтасақ, небір сындарлы жылдарда бойы нәзік болғанымен, жаны қайсар қауымның арқасында өз болмысымызды сақтап қалдық. Бұл сөзімді белгілі демограф-ғалым Мақаш Тәтімов ағамыздың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықтың қайта еңсесін көтеруіне әйелдердің қосқан үлесі туралы айтқан тұшымды деректері дәлел бола алады. Сол ерік-жігері мықты аналарымыздың жалғасы – сіздерсіздер», дей келе, осы сәтті пайдаланып бір белесті бағындырып отырған нәзік жандарға алғыс айтты.
«Ютария» тігін фабрикасы бас директорының орынбасары Динара Закиева қосымша білім алғандардың әрқайсысы енді үйде отырып-ақ табыс табуға дайын, өзінің жеке тігін құралы бар маман болып шыққанын жеткізді. Олардың басым бөлігіне аталған фабрикада жұмыс істеуге ұсыныс та түскен көрінеді.
«Жәрдем» бағдарламасы жалпы республикалық деңгейде жүзеге асуда. Аталған жобада 1500-3000 адамға қосымша білім беру көзделген. «Ал біз оқыту курсымызды Қазақстан әйелдер қауымдастығымен бірлесіп қолға алдық. Бұл жолы бізде елордалық 20 адам оқыды. Жыл аяғына дейін олардың санын 600-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Олар аз ғана уақыттың ішінде өнімді өздері өндіре алатындай дәрежеде меңгерді. Бірі белдемше, енді бірі көйлек немесе шалбар тіге алады. Бұдан кейінгі өзін-өзі дамытуы үйренушілердің мақсаты мен табандылығына байланысты», дейді Д.Закиева. Фабрика өкілінің мәлімдеуінше, оқу курсынан өткендерге соңғы күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерін шақырып, қалай кәсіп бастауға болатыны туралы базалық білім берілген.
Тігін курсын бітірген көп балалы ана Индира Абайқызы өз кәсібін дөңгелетуге дайын екенін айтады. «Бұл жоба жөнінде партиядан естіп келдім. Негізі тігін тігуді білмейтінмін, енді үйрендім. Әрине, екі апталық оқу жеткіліксіз, сондықтан Жұмыспен қамту орталығының қосымша мамандық беретін тігін курсынан өтуді бастап кеттім. Онда енді осы фабрикадан алған білімімді жетілдіріп, киімді толығымен, қалай сәнді етіп тігуге болатынын үйренемін», дейді болашағына сенімді ана. Оның айтуынша, «Жәрдем» берген тігін машинасы – бизнеске бастау болары анық.
Айта кетейік, аталған бағдарлама ниеттілердің өтінішіне сәйкес барлық облыстарда жүзеге асырылып жатыр.
Өнер • Бүгін, 22:05
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар