18 Сәуір, 2013

Зейнетақы жүйесі: Ортақ + Міндетті + Ерікті

335 рет
көрсетілді
22 мин
оқу үшін

Зейнетақы жүйесі: Ортақ + Міндетті + Ерікті

Бейсенбі, 18 сәуір 2013 1:55

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі қағидаттары: көп деңгейлі жүйе, активтерді салымшылардың қаражатына және БЖЗҚ (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) қаражатына бөлу, мемлекеттік кепілдік бұрынғысынша қала береді

 

Бейсенбі, 18 сәуір 2013 1:55

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі қағидаттары: көп деңгейлі жүйе, активтерді салымшылардың қаражатына және БЖЗҚ (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) қаражатына бөлу, мемлекеттік кепілдік бұрынғысынша қала береді

Зейнетақы жүйесін реформалау тақырыбы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру халық үшін неғұрлым өзекті мәселе болып отыр. Бұл қартайған шаққа арналған жеке жинақ ақша мәселесіне адамдардың көп көңіл бөлетіндігін және осы саладағы барлық өзгерістерді қалт жібермей отырғандығын білдіреді. Бұл тақырыпты ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Дина ҒАЛИЕВАМЕН талқылаймыз.

Қағидаттар беріктігі

– Дина Төлеубекқызыоқырмандар қоятын бірінші сұрақ – қазіргіреформалар барысында ЖЗҚ (жинақтаушы зейнетақы қоры)салымшыларының құқықтары зардап шекпей мемұндай кезде қандайқорғаныш тетіктері іске қосылады?

– Біз бұл туралы талай айтқанбыз, қазір де атап өтемін, БЖЗҚ құру зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау болып табылмайды, тек институционалдық қайта құру сипатына ие. Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру негізгі қағидаттары сақталып қалады. Демек, көп деңгейлі жүйе: ортақ құрамдас бөлік, міндетті жинақтаушы бөлігі және ерікті жинақ ақшасы сақталады.

Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес азамат­тардың зейнетақы жинақ ақшасы ЖЗҚ-ның меншікті активтерінен бөлек есепке алынады. Жеке зейнетақы шоттарының жүйесі өзгермейді. Барлық жинақ ақша бұрынғысынша жеке шоттарда толық көлемде сақталатын болады. Әрбір жеке шот ЖЗҚ-мен және МЗТО-мен (мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы) салыстырып тексергеннен кейін БЖЗҚ-ға ауыстырылатын болады. Бұл ретте салымшының зейнеткерлікке шыққан кездегі инфляция деңгейі ескерілген зейнетақы жарналарын өтеу жөніндегі мемлекеттің кепілдігі де сақталып қалады.

– Салымшылардың көбі өздерінің зейнетақы жинақ ақшаларыныңқозғалысын бақылаудан шығарып аламыз деп қауіптенедіБүгінгі күнікөпшілігіміз қорларымыздың дербес беттерін қадағалап отырмызЖекеқорлардың шоттарын БЖЗҚ-ға біріктіру кезінде бұл техникалық мәселеқаншалықты жылдам шешілетін болады

– «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының жобасына сәйкес зейнетақы жинақ ақшасын ауыстыру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл құжаттарда ауыстырудың жан-жақты схемасы көзделетін болады, ол бір ЖЗҚ-ны басқасына қосқан кезде немесе ЖЗҚ-ны таратқан кезде зейнетақы активтерін ауыстырудың тәжірибесін ескеретін болады. Әрбір ЖЗШ (жеке зейнетақы шоты) бойынша зейнетақы жинақ ақшасын есепке алудың тетігі БЖЗҚ-да да бөлек сақталатын болады. Бүгінгі күннің өзінде заңның жобасында салымшылардың ЖЗШ-ны «МЗТО» РМК-ның деректер базаларымен салыстырып тексеру бастапқы кезең болып табылатындығын болжайтын норма көзделген. Бұл ретте салымшылар ӘЖК/ЖСН (әлеуметтік жеке код/жеке сәйкестендіру нөмірі) негізінде сәйкестендірілетін болады.

Осымен қатар, зейнетақы активтерін инвес­тициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, кастодиан-банктер, зейнетақы активтерін беретін ЖЗҚ, БЖЗҚ және кастодиан-банк әрі инвестициялық басқарушы ретінде ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын салыстырып тексереді. Осылайша, әрбір салымшының жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ-дан БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақ ақшасын ауыстырған кезде не инвестициялық кіріс, не жарналар «жоғалмауы» тиіс. Себебі, біріншіден, шоттарды көпжақты салыстырып тексеру тетігі жұмыс істейтін болады, екіншіден, активтер салыстырып тексеріледі, олардың нәтижелері бойынша ЖЗҚ зейнетақы активтерін беру жүзеге асырылады.

 

Заң және Конституция бойынша

– Егерайталықсалымшы БЖЗҚ-ға өтуден бас тарттыБұл үрдістіреттейтін заңнан басқажеке меншік құқығының мызғымастығынакепілдік беретін Конституция да барАдамдардың ЖЗҚ-дағы жинақақшасы – бұл қорға басқаруға берілген жеке қаражатЗейнетақыақшасымен кез келген операция жүргізген кезде формальды түрде де,заңды түрде денақты түрде де барлық кезде салымшының жеке өтінішіқажет болды.

– ҚР Конституциясы 6-бабының 2-тармағына сәйкес меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi. Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн меншiк режімiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы.

Негізгі Заңның келтірілген нормаларынан меншік құқығын қорғау тетігінің Парламенттің заңдарды қабылдауы арқылы іске асырылатынын көруге болады. Өз кезегінде, «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның жобасында көзделген нормалар зейнетақы жинақ ақшасы салымшыларының (алушылардың) құқықтарын қорғауды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етеді. Заң жобасына сәйкес БЖЗҚ жинақ ақшасы БЖЗҚ-ға берілген салымшылармен (алушылармен) көрсетілген заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша құқықтық мирасқор болып табылады. Сәйкесінше, жаңа заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттар жаңартылған нормалар шеңберінде қолданыла беретін болады. Жазылғандарды ескерсек, заң жобасы мен Конституция нормаларының арасында қарама-қайшылық жоқ.

– Кейбір оқырмандар БЖЗҚ-ға өтуден бас тарта отырыпөз зейнетақыжинақ ақша­мызды алуға құқылымыз ба деп сұрайды?

– Салымшы қолданыстағы заңда тікелей белгіленген жағдайларда біржолғы зейнетақы жинақ ақшасын алуға құқылы. Мысалы, ТТЖ-ға (тұрақты тұратын жерге) кеткен және азаматтығын ауыстырған кезде, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде және т.б. 2012 жылы зейнетақы төлемдерінің сомасы 89,8 млрд. теңге құрағандығын айта кеткен жөн. Бұл төлемдер сомасында өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан аннуитеттерді алуға бағытталған 29,9 млрд. теңге бар.

– БЖЗҚ құру заңнамаға сәйкес келе меенді Ұлттық Банк әрі реттеушіәрібасқарушы болады емес пе

– Қолданыстағы заңнамада ҚР ҰБ-ға БЖЗҚ қызметін реттеуді жүзеге асыруға және зейнетақы активтерін басқаруға тыйым салатын нормалар жоқ. Қордың зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Ұлттық Банк БЖЗҚ мен ҚР ҰБ арасында жасалатын сенімгерлікпен басқару туралы шарттың негізінде жүзеге асыратын болады. Бұл ретте Ұлттық Банк зейнетақы жинақ ақшасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ-ға және инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты реттеуші болады.

Бүкіл осы тетік зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа заңның, басқа заңнамалық және заңға тәуелді актілер деңгейінде реттелетін болады.

 

Жауапкершілік және міндеттемелер

– Жеке қорлардың көптеген салымшылары оларда көптеген жылдар бойысалымшы болып қалудаМенің өзіме келер болсамХалық банкініңЖЗҚ-нан басқасына кетем деген ойым болған жоқбұл қордыңсалымшыларымен жұмыс істеуімамандарының сауаттылығы ұнайтын,кірістілігі жаман емесБұл ойымменменің түсінуімше, 2 млн.-нан аса адамбөліседіГНПФ-тың беделі басқашакөптеген адамдардың пікіріншеоныңбелсенді емес инвестициялық саясатының себебі – акционері менбасқарушысы – мемлекеттік құрылым – Ұлттық Банк болыптабылатындығыБүкіл басқару кезеңінде ҚР ҰБ оған жеке инвесторларіздепактивтерін сатқысы келгені бекер емес шығарЕнді мінеБЖЗҚ-ның кірістілігі де өте төмен болады деген қауіп барАл нарықтағыонсыз да болмай тұрған жұмыс бұл ЖЗҚ-ны икемсізтиімсіз етедіСіздіңбұған басқа дәйегіңіз бар ма?

– БЖЗҚ-ның ГНПФ негізінде құрылатын­дығының негізгі дәйегі – онымен үлестес құры­лымдардың жоқтығы. Бұдан басқа БЖЗҚ тікелей зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қатысты функцияларды жүзеге асыратынын атап өткен жөн. БЖЗҚ активтерін басқаруды Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес бекіткен құралдар тізбесіне сәйкес жүзеге асыратын болады.

Кеңестің дербес құрамын ҚР Президенті бекітеді. Кеңестің құрамына Үкіметтің, ҚР ҰБ-ның өкілдері, қаржы нарығының қатысушылары және тәуелсіз сарапшылар кіреді. БЖЗҚ активтерін инвестициялау әртараптандыру және сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады. Оларды одан әрі инфрақұрылымдық жобаларға, банк секторының құралдарына және жоғары өтімді сыртқы қаржы активтеріне орналастыру нарықтық қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Зейнетақы активтерінің бір бөлігі Ұлттық қордың активтерін және АВР (алтын-валюта резервтері) басқарудың қолданыстағы практикасына ұқсас сыртқы басқарушы компанияларға берілуі мүмкін. Бірақ ҚР ҰБ тарапынан бақылау жасау барлық зейнетақы активтері бойынша сақталады.

– Жеке ЖЗҚ-да сапасы емессаны есебінен табыс алу стратегиясы басымболды ма және қорлардың салымшыларға ештеңеге кепілдік бермейайсайын табыс алатыны рас паМемлекеттің міндеттемелері бар емес пе?Және БЖЗҚ осы алдаудан кейін кінәлаудан арыла ма?

– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЖЗҚ кірістіліктің ең төменгі мәнін қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік атқарады. Яғни, егер қор алған кірістілік осы көрсеткіштен аз болса, онда ЖЗҚ осы айырманы меншікті капиталы есебінен қалпына келтіреді. БЖЗҚ құрудың себебі олардың ағымдағы төмен кірістілігі емес, зейнетақы активтерін, әкімшілік шығыстарды есепке алуға және сақтауға байланысты операциялық шығыстарды төмендету болып табылатынына тағы да назар аударамыз. Тиісінше, комиссиялық сыйақылардың деңгейі бірыңғай қорда төмен болады.

Жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ кемшіліктеріне дағдарысқа дейінгі кезеңде кейбір қорларда үлестес тұлғалармен жасалған, олар бойынша шығындар келтірілген мәмілелердің болғанын жатқызуға болады. Егер қор біреу болса, онда үлестес тұлғалармен мәмілелер жасау тәуекелі жойылады. Сондай-ақ БЖЗҚ құру кезінде салымшылардың бір қордан екінші қорға көшуі тоқтатылады, бұл жүйенің жалпы тиімділігін төмендетеді.

– Қазіргі кезде инвестициялық кірісті капиталдандыру мақсатында бірЖЗҚ-дан екінші ЖЗҚ-ға немесе ГНПФ-ға көшудің мәні бар ма?

– Меніңше, қажеті шамалы.

– Егер барлығы бір мезгілде ЖЗҚ-дан ГНПФ-ға көшіп кетсеқорларбіріккенге дейін банкроттыққа ұшырамай ма?

– 2012 жылы ЖЗҚ арасындағы салымшы­лардың зейнетақы жинақтарын аудару 546,75 млрд. теңгені, ал жарналар 466,44 млрд. теңгені құрады. Бірақ салымшылардың ЖЗҚ-дан жаппай «қашып кетуі» мүмкін емес деп ойлаймын. Өмірді сақтандыру бойынша компанияларға аударымдардың оң динамикасы 2013 жылы әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге, яғни зейнетақы аннуитетін жасау шартымен төлемдерге құқық алу мүмкін болатын жасты төмендетуге де байланысты екенін атап өткен жөн.

 

Басқарушыға арналған пакет

– Егер активтер ЗАБК (зейнетақы активтерін басқарушы компания)басқаруға берілсеонда бұл нақты ЖЗШ пакеттері немесе түсетін кірістілікжалпы «ортаға» түсетінал одан кейін жеке шоттарға бөлінетін қолма-қолақшаға айналдырылмаған сомалар бола ма?

– Оларды басқару портфельдік тәсіл қолданыла отырып жүзеге асырылады. Яғни, жекелеген ЖЗШ қатысты емес, жалпы алғанда қор активтерінің портфеліне қатысты.

– ЖЗҚ-ларды инфляцияны жабатын кірістілік алуға дәрменсіз депкінәладыАл БЖЗҚ табысты қайдан аладыөйткені түбегейлі проблема –қор нарығындағы жоғары өтімді құралдардың болмау проблемасы баремес пе және ол үдейе түсуде емес пе

– Қорларды біріктірген кезде ешкім де қандай да болсын кірістілік деңгейіне кепілдік бермейді, себебі зейнетақы активтерін инвестициялау бұрынғыша нарықтық қағидаттарымен жүзеге асырылады. БЖЗҚ құру кірістілік проб­лемасын шешпейді, жоғарыда айтқандай операциялық шығыстарды төмендетуге алып келеді. Қазіргі кезде ҚР ҰБ қор нарығын жандандырудың балама әдістерін әзірлеу үстінде. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту және нығайту мақсатында ҚР ҰБ Қаржы министрлігімен бірлесіп МБҚ (мемлекеттік бағалы қағаздар) бастапқы және қайталама нарығын дамыту жөніндегі шараларды қабылдайды. Біз нарықты құралдардың түрлері бойынша құрылымдауды және осы сегментте стандартты құралдардың пайда болуына және өтімділікті арттыруға мүмкіндік жасай отырып нарықта мерзімдері және сол сияқты бағалары бойынша эталондық көрсеткіштерді құру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Жалпы алғанда осы шаралар МБҚ-дың неғұрлым тұрақты және айқын нарығын құруға, олардың қайталама нарығын дамытуға мүмкіндік жасайды.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау әртараптандыру және сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

 

55 жаста зейнеткерлікке шығу? Іс жүзінде

– Әйелдер үшін зейнеткерлік жасты ұлғайту бойынша күрделі мәселеніңтек ортақ жүйеге ғана қатысы бар ма әлде жинақтаушы жүйеге де қатыстымаЯғнижинақ ақша жеткілікті болған кезде 55 жаста жинақтаушызейнеткерлікке шығуға және одан кейін ортақ жүйеден төлемдерді күтугебола ма?

– Бұл мәселе бірінші деңгей (ортақ жүйе) үшін маңызды болып табылады. Ортақ жүйе кезінде зейнетақы еңбекке жарамды халықтың ағымдағы салық түсімдері есебінен мемлекеттік бюджеттен төленеді. Осылайша, жұмыс істейтін ұрпақ зейнеткерлерді қамтамасыз етеді.

Жинақтаушы зейнетақы үшін зейнеткерлік жасты ұлғайту мәселесінің маңызы жоқ, себебі зейнеткерлікке шамалы жинақ ақшамен шыққан жағдайда зейнеткер әлеуметтік тұрғыдан қорғалу үшін бюджетке жүгінеді. Және іс жүзінде, жеткілікті жинақ ақша болған кезде зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу құқығы бар. Бұл ретте ортақ бөлік белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде төленеді.

 

Әйелдер мәселесі

 – Әйелдердің зейнеткерлік жасы туралы мәселе бойынша халықтыңалаңдаушылығы рейтингісінде бір жылдан астам жоғары белгіні көрсетіптұрЗейнеткер әйелдердің ұлттық экономикаға соншалықты залал келтіруімүмкін бе

–  Экономикалық белсенді халық пен зейнеткерлердің саны арасындағы арақатынас қазіргі кезде 1-ге 2,1-ге дейін жетті, яғни, екі жұмыс істейтін адамға бір зейнеткерден. Арақатынастың құлдырауы жалғасу үстінде: зейнеткерлердің саны ұдайы өсуде, ал жұмыс істейтіндердің саны одан баяу өсуде. Жақын арадағы перспективада демографиялық үрдістер салдарынан қысқаратын болады. Осы арақатынас құлдыраған кезде тиісінше, зейнетақының мөлшері де құлдырайды. Және не салықты көтеру, бұл біздің пікірімізше тиімсіз не  зейнеткерлік жасты ұлғайту не зейнетақыны қысқартуға келісу қажет. Сондай-ақ «baby-boom» ұрпағы зейнеткерлік жасқа жеткен кезде бюджетке жүктеменің өсетінін атап өтемін.

1999-2011 жылдары республикада өмір ұзақтығы 3,5 жылға ұлғайғанын қоса айта кеткен жөн. Ұзақ мерзімді перспективада 65 жастан асатын халықтың үлесі өседі және 2050 жылға қарай екі есе өседі. Қазіргі кезде зейнеткерлер арасындағы әйелдер үлесі 71,8%-ы (1,2 млн. адам) құрайды. Бұл ретте олардың 36% – 58-63 жастағы әйелдер. Сондай-ақ әйелдерге бюджеттен зейнетақы төлемдерінің 45%-ын ерлер қаржыландырады. Бұл ерлер жалақысының көп, жұмыссыздықтың әйелдер арасында жоғары болуына, сондай-ақ әйелдердің бала күтімі бойынша демалысқа шығатынына байланысты.

Зейнеткерлік жас ұлғайған кезде зейнеткер­лердің саны қысқарады. 58-63 жастағы әйел­дердің саны зейнеткерлердің жалпы санының 26%-ын құрайды, бұл бюджет шығыстарын неғұрлым тиімді жұмсау мүмкіндігін растайды. Бюджеттің зейнетақы төлеу шығыстарын бағалау тұрғысынан үнемдеу 11 жылда 19,6 млрд. долларды құрайды.

– Почтада және Интернетте әйелдерден 45-50 жастан кейін де жұмысқақабылдамайтыныал қабылдағанның өзінде жиі кемсітетіні туралысұрақтар аз емесОлардың көпшілігі зейнетақыны тоса отырыпуақытшажалақы­мен күн көрудеЕнді зейнетақыны күту кезеңі ұзарадыБұлмәселенің әлеуметтік мәселе екені және оның біршама дәрежеде ҚР ҰБ-ғақатысты емес екені түсініктісоған қарамастан оны шешудің әйелдердіңзейнеткерлік жасын ұлғайтудан басқаөзге нұсқалары бар ма?

– Зейнеткерлік жасты теңестіру жұмыс істеуге ниетті және көбірек жинақтағысы келетін адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Себе­бі жүйе икемді болады және мүмкіндігін кеңейтеді. Бірақ, жалпы алғанда зейнеткерлік жас­ты ұлғайтуды мемлекеттің халықты жұмыспен қамтуды көтеру жөніндегі қалған әлеуметтік шараларымен бірге кешенді түрде қарастыру қажет. Оның ішінде әйелдердің жұмыссыздығымен күрес те бар. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу құқығы сақталатынын, ал әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтудың кезең-кезеңімен жүзеге асыру болжанып отыр­ға­нын ұмытпау керек. Бұл халықтың зейнеткер­ліктің алдындағы тобына ықпал етуді төмендетеді.

Егер басқа елдердің тәжірибесін қарастырсақ,  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы  елдерінің 19-да ғана зейнеткерлік жас ұлғайған және әйелдер мен ерлер үшін теңестірілген, ал 5 елінде теңестіру жоспарланған.

 

БЖЗҚ нені өзгерте алады?

– Жаңа зейнетақы заңнамасының әзірлену сатысы қандай жәнеҚазақстанда нарықтық жинақтау жүйесі қандай жағдайларда толықдеңгейде сақталынуы мүмкін?

– Үкімет «ҚР-дағы зейнетақымен қам­сыздандыру туралы» жаңа редакциядағы заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізді. Осы құжатта жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қағидаттары толық сақталған.

– Жеке зейнетақы шотының шешілмеген мәселесі жұмыспен қамтылғанхалықты қамтусондай-ақ конверттегі жалақылар проб­лемасы болды,бұл көптеген ЖЗШ-дағы ең аз сомалардың себебі болып табыладыЕгерелде бір ғана қор қалсабұл мәселелер шешіле ме?

– Шын мәнінде, БЖЗҚ құру халықтың зейнетақы жүйесімен толық қамтылмау проб­лемасын шешпейді. Бұл күрделі мәселе және кез келген зейнетақы жүйесінің табысты жұмыс істеу талабы болып табылады. Оның шешілуі ел экономикасының бейресми бөлігін тарылту, оның ішінде жалақыны «конверттерде» беру міндеті шешілмей мүмкін болмайды.

Кейіннен бұл проблеманы мәселен: дара кәсіпкермен бекітілген жарналар; бюджеттен төлемдерді алу үшін жинақтау бөлігіне қатысу бойынша ең төменгі талаптарды белгілеу; халықтың кірістері мен шығыстарын жалпыға ортақ декларациялауды енгізу; салықтық басқаруды жақсарту; ерікті зейнетақы жарналарына, зейнетақы жарналарына мотивация; жеңілдік берілген салық салу және басқалары сияқты бірқатар шаралар арқылы шешу ұсынылып отыр.

– Қорларды БЖЗҚ-ға біріктіру тетігі қалай болмақ және қорлардың меншікиелерінің мүліктік құқықтары қалай шешілетін болады?

– БЖЗҚ құру жұмыс істеп тұрған жеке ЖЗҚ таратуды талап етпейді, өйткені заңнамаға сәйкес азаматтардың зейнетақы жинақтары ЖЗҚ меншікті активтерінен бөлек есепке алынады. Жұмыс істеп тұрған ЖЗҚ меншікті активтерін сақтап қалады және инвестициялық портфельді басқарушы немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде қызметін жалғастыруға қосымша мүмкіндік туады. ЖЗҚ-дан БЖЗҚ-ға аудару тетігі активтерді бір қордан екіншісіне ауыстыру тетігіне ұқсас. Жеке ЖЗҚ-дан БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін аудару тәртібі заң жобасында және қолданыстағы заңнамада реттелген және қысқа мерзімдерде жүзеге асырылатын болады.

«ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы  қолданыстағы заң бойынша зейнетақы активтері заңды тұлға ретінде ЖЗҚ-ның бухгалтерлік балансына қосылмайды. Яғни, ЖЗҚ меншікті активтері зейнетақы активтерінен бөлініп шығарылған. Қорлар зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға бергеннен кейін бұл тәртіп сақталатын болады. Бұл ретте қорлардың зейнетақы активтерін беруі кесте бойынша БЖЗҚ-ға жүргізілетін болады. Осылайша, ЖЗҚ өз активтеріне меншік құқығын жоғалтпайды.

 

Басқаруға берілетін лицензия

–  Егер қорлар ЗАБК немесе ерікті зейнетақы жинақтары жөніндегі қорларболуды шешсеолар қандай рәсімдерден өтуі тиіс?

– Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған ұйымдарда тек жеткілікті меншікті капитал ғана емес, зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың айтарлықтай тәжірибесі де бар. Сондықтан заң жобасында тиісті өтініш негізінде ғана олардың инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алудың жеңілдік берілген тәртібі көзделген. Ал қайта тіркеу рәсімдеріне келсек, олар азаматтық заңнаманың қолданыстағы нормаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

ЖЗҚ және зейнетақы активтерін инвес­тициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар лицензияларының қолданылуы қорлар зейнет­ақы активтерін БЖЗҚ-ға бергеннен кейін тоқта­тылады. Сонымен қоса, олар уәкілетті органға инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтінішпен жүгінуге және жеңілдетілген тәртіппен лицензия алуға құқылы.

Инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алмаған ЖЗҚ және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес таратылуы тиіс.

– Реттеушінің пікірі бойынша, неліктен елде ерікті зейнетақымен қамсыздандыру тамырын тереңге жая алмады? Мүмкін 10% мөлшеріндегі жарна көп шығар? 

– Халықтың қазіргі кезде болашақ туралы және қартайғанда қандай қаражатқа өмір сүретіні туралы аз ойлану фактісі ерікті зейнетақымен қамсыздандырудың жеткіліксіз дамуының негізгі себебі болып табылады.

10% мөлшеріндегі жарнаға келсек, олардың деңгейін барлық зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шеңберінде қараған жөн.

– Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне небәрі 15 жыл болды. Алайда осы уақыт аралығында ол реформалаудың бір ғана кезеңін бастан өткізген жоқ. Оқырмандардың сұрауы бойын­ша, жұмыс істейтіндердің ең болмаса бір буыны­на жинақтауға, сосын барлығын толық көлемде ала отырып, зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік бергеннен кейін реформалау түріндегі «жанр классикасын» қолдана отырып, түбегейлі рефор­маларға мораторий жариялауға болмай ма?

– Қандай да бір секторды реформалау туралы шешім аяқ астынан қабылданбайды. Бұған қалыптасқан ахуалға жасалатын терең талдау және қандай да бір реформаларға алып келуі мүмкін салдарлар себепші болады. Соңғы бір жарым жыл ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларын біріктіру мәселесі белсенді түрде талқыланып келді. Нәтижесінде БЖЗҚ құру туралы шешімді Мемлекет басшысы қабылдады. Зейнетақы жүйесіндегі соңғы реформа Қазақстан ортақ зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен 1998 жылы қабылданғанын атап кеткен жөн.

 

Ұрпақтарға арналған «рента»

– Сұхбатымыздың соңына таман оқырман­дардың сұрағын келтірсек: неліктен азамат­тар­дың зейнетақыларына Ұлттық қордан алынатын төлемдерді қосуға болмайды?

– Өйткені Ұлттық қорды құрудың мақсаттары басқа. Бұл – болашақтағы ұрпаққа арналған қор. Яғни ол болашақта табиғи ресурстарды толық пайдаланғаннан кейін болашақ ұрпақтың табиғи ресурстарды пайдалану мүмкіндігі болмауына қарай қазіргі буынның «рентасын» білдіреді. Сондықтан қалпына келтірілмейтін табиғи ресурс­тарды қайта толықтырылып отыратын қаржылық ресурстарға айналдыру қажет. Осы сияқты қомақты жинақтар болған кезде ғана (мысалы, Норвегияда жалпы ішкі өнімге 100% жеткенде)  олардың инвестициялық кірістерін әлеуметтік мақсаттарға пайдалану мүмкін болмақ.

- Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Алевтина ДОНСКИХ.