Саясат • 22 Шілде, 2019

Сирия бойынша Астана процесі жалғасады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылғы 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 13-ші халықаралық кездесу өтеді.

Сирия бойынша Астана процесі жалғасады

Алдағы кездесуде кепілгер елдер, яғни Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ мен Иорданияның және Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процесіне алғашқы рет қатысатын Ирақ пен Ливанның жоғары деңгейіндегі өкілдері сирияаралық келіс­сөз­дерге септігін тигізеді.

Кездесу Сириядағы, әсіресе Идлиб провинциясы мен ел­дің солтүстік-шығысындағы қазіргі ахуалды талқылауға, қақ­ты­ғысушы тараптар ара­сындағы сенімді нығайтуға жә­не саяси процесті одан әрі ілге­рі­летуге, Сирия бойынша конс­титуциялық комитетті құру және іске қосу бойынша жұмысты аяқтауға баса назар аударады.

1 тамызда екіжақты және көпжақты, соның ішінде Си­рияның үкіметі мен қарулы оппо­зициясы өкілдерінің қаты­суымен, алдын-ала консуль­та­ция­лардың өткізілуі жоспарлануда, ал жалпы отырыс 2 тамызда өтеді.