Инвесторлармен ұзақ мерзімге жасалған келісім-шарт бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынып, бүгінге дейін 5,4 млрд теңге жұмсалған. Алғашқыда 530 тұрақты жұмыс орны ашылған болса, олардың қатары бүгінде 600-ге жетіп отыр. Мекеме жұмысшыларына тегін тамақ, арнаулы киім-кешек, тегін көлікпен тасымалдау сияқты жеңілдіктер қарастырылған.
– Қаланың сегіз ауданынан күніне 1 тонна 100 кило қоқыс қалдығы жеткізіледі. Қоқыс қалдығын сұрыптау бөліміне 4 жолақ қойылған. Барлық қоқыс қалдығы осы жолақ арқылы сұрыптау цехына өтеді. Қоқыс қалдықтары картон, шыны, пластик, целлофан, темір-терсек болып бөлініп, арнайы қойылған орындарға жөнелтіледі. Әбден қатталып, ықшамдалған қалдықтардың дені Ресейге жөнелтіледі, дейді «Green Recycle» ЖШС директоры Дмитрий Данильченко.