Руханият • 22 Шілде, 2019

Ассамблея жастары хакім өлеңдерін оқыды

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Достық үйін­­де Қазақстан халқы Ас­сам­­­блеясы төрағасының орын­басары – Прези­дент Әкімшілігі ҚХА хат­шы­­лығының меңгеру­шісі Жансейіт Түймебаев қа­зақтың ұлы ақыны Абай Құнан­баевтың 175 жыл­ды­ғына арналған Абай өлең­дерін оқу эстафетасына қа­тысушылармен кездесті.

Ассамблея жастары хакім өлеңдерін оқыды

Қазір еліміздің барлық өңір­лері Абай өлеңдерін оқу іс-шара­сына белсенді атсалысуда. Мә­дени шара Қазақстан халқы Ассам­блеясы жастары тарапынан да қолдау тауып, әлеуметтік желілерде #Abai175 челленджіне бел­сене қатыса бастаған болатын. 

Достық үйінде жалғасын тап­қан шара барысында Жансейіт Түймебаев Алматы қалалық «Ахыс­ка» түрік этномәдени бір­лес­тігі төрағасының орынбасары Қазақбай Қасымов бастаған эстафета қатысушыларына Абайдың кітабын сыйлыққа тарту етіп, 37-ші қара сөзін оқыды. Ассамблея жастары да ұлы ақынның өлең­дерін жатқа айтып, ән-күй­мен әрледі. 

Мәдени кеш бағдарламасына орай Ж.Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясының респуб­ликалық этномәдени бірлес­тіктерінің басшыларымен кеңес өткізіп, еліміздегі ұлт өкілдері ор­талықтарының жұмысына қатыс­ты бірқатар мәселелермен бөлісті. 

Ал Парламент Мәжілі­сінің депутаты, Ұйғыр этномә­дени ор­талығының төрағасы Шай­мар­дан Нұрымов Абай өлеңдерін республика жұртшылығы болып оқу жастар арасында әдебиетіміз бен мәдениетімізді насихаттауға, отансүйгіштікті дамытудағы маңызды рухани шара екендігін атап өтті.

Достық үйіне Абай оқуларын оқуға жиналған барша ұлт өкіл­дері ұйғыр халқының ас үйінің фестивалін тамашалады. Көрме алаңына арнайы әзірленген ұлт­тық тағамдар қойылып, көп­шілік назарына ұсынылды.

АЛМАТЫ