Екі күн ішінде мыңнан астам азамат кеңес алуға жүгінді. Ең көп сұрақтар жол қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеуге, көші-қон заңнамасын сақтауға, жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты болды. Сондай-ақ, азаматтар қаруға рұқсат беру құжаттарын беру тәртібі туралы сұрады.
Сондай-ақ, Ақтау қаласының ЖПБ ПБ ұйымдастыруымен өткен «Халықты аулада қабылдау» акциясы аясында шағын аудан тұрғындары учаскелік полиция инспекторларынан кеңес алып, сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, Ішкі істер органдарының басқа қызметтері бойынша да сұрақтар түсті. Барлық сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді. Қосымша 8(7292)343060 нөмірі бойынша «жедел желі» телефон желісі ұйымдастырылды, оған азаматтар қоңырау шалып, қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алды. 2015 жылғы айыппұлдың күші жойылатындығы туралы сұрақпен Полиция департаментінің жедел телефон желісіне бірнеше қоңыраулар түсті, оған әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ж. Дадаев пен ӘПБ басшысының орынбасары Махмутов Нұржан жауап берді.
Маңғыстау облысы