Аймақтар • 22 Шілде, 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп Ақтау қаласында ұйымдастырылды

524 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорымен бірлесіп, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебін ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп Ақтау қаласында ұйымдастырылды

Шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев ашып, ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, осындай шараларды өткізудің маңыздылығына тоқталып өтті. Ал департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Қуандық Абельдинов Агенттік тарапынан қолға алынған жобалар, атап айтқанда «Маңғыстау  адалдық алаңы», «Protecting business and investments», «Саналы ұрпақ», «Адал жол», арнайы мониторинг тобының мақсаты мен міндеттері, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық деректері бойынша хабар беруге мүмкіндік беретін 1424 Колл-орталығы туралы толықтай ақпарат берді.

Оқыту барысында «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян         Cыбайлас жемқорлыққа қарсы «Transparency Kazakhstan» жаздық мектебінің тыңдаушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы халықаралық тәжірибелерге шолу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы  қолданбалы құралдар мен оларды іске асыру туралы мерзімдері көрсетілген ұсыныстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ынтымақтастықтың тиімділігі туралы нақты мысалдар және сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін жою үшін қолданылатын стратегиялары туралы нақты түсінік беріп өтті.

Тренингтерге үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қоғам белсенділері, оқытушылар және қала тұрғындарынан тұратын 30-ға жуық тыңдаушы қатысты.

Кездесу барысында қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауап беріліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.      

 Шара соңында тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінде оқығаны туралы сертификаттар табысталды.


Маңғыстау облысы