09 Мамыр, 2013

Қазан аузы жоғары

417 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазан аузы жоғары

Бейсенбі, 9 мамыр 2013 1:35

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көктемгі егін егу және жиын-­терін жұмыстарын жүргізуге қажет 40 млрд. теңге мөлшеріндегі республикалық бюджет қаржысын толықтай игерді

Биылғы жылы корпорацияға агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау бойынша шараларды атқаруға, сондай-ақ республикалық бюджеттен көктемгі егін егу және жиын-терін жұмыстарын жүргізуге 40 млрд. теңге бөлінген болатын.

 

Бейсенбі, 9 мамыр 2013 1:35

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көктемгі егін егу және жиын-­терін жұмыстарын жүргізуге қажет 40 млрд. теңге мөлшеріндегі республикалық бюджет қаржысын толықтай игерді

Биылғы жылы корпорацияға агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау бойынша шараларды атқаруға, сондай-ақ республикалық бюджеттен көктемгі егін егу және жиын-терін жұмыстарын жүргізуге 40 млрд. теңге бөлінген болатын.

Қазіргі таңда бюджет қаржысы жүз пайыз игерілді. Қомақты ақшаның есебінен Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шы­ғыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан об­лыс­­­­тарының ауыл шаруашылығы тауарларын өнді­­рушілері енді 2 млн. 200 мың гектардан астам егіс аумақтарына дән сеуіп, өсірілген өнім­ді уақытылы жинай алады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру­ші­лер аталған қаржы арқылы жанар-жағармай материал­дарын, түрлі техникаларды жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен материалдарды, мине­ралды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құ­рал­дарын сатып алады. Ауыл шаруашы­лығы өнім­дерін сақтандыруда сақтандыру жарналарын төлеу және дақылдарды егіп, жинауға және өзге де қажетті шараларды дер кезінде жүзеге асыруға қол жеткізеді.

Ал бүгінгі күндері «Аграрлық несие корпо­рациясы» АҚ несие серіктестіктері жүйесі арқылы көктемгі егін егу жұмыстарын несиелеу аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінімдер қабылдауды одан әрі жалғастыруда.

Бұл бағдарламаның негізінде дәл осы уақытта 2 млрд. 933 млн. теңге сомасына 409 өті­нім ма­құлданып үлгерді. Соған орай несие серік­тестіктері жүйесі арқылы жалпы алғанда 2 млрд. 328 млн. теңгеден астам сомаға 289 ауыл ша­руашылығы тауарын өндірушіге несие берілді. Осы қаржыға биылғы дала жұмыстарында шаруа­лар 475 мың гектардан астам егіс аумақтарына дән сеуіп, діттеген межеден көрінбек. Иә, қазан аузы жоғары деген міне осы.

«Аграрлық несие корпорациясы» акционер­лік қоғамы – республика Үкіметінің қаулысымен 2011 жылы құрылған компания. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы агроөнер­кәсіп кешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы аграрлық саланы индустрияландыру мен әртараптандыруға атсалысу. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіретін компания басты міндет деп осыны санайды.

Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».