Экономика • 23 Шілде, 2019

Алматы – «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық жобасына қосылған алғашқы қала

496 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматы қаласы «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық туристік жобасы­на қосылды. Бұл – Еуропаның 40-тан астам қаласында күнделікті жер­гілікті уақытпен 15:15-те бас­тала­­тын заманауи саяхат­шы­ларға ар­нал­ған қалалық пайдалы экс­­кур­­сиялар легі. Алматы – «15:15 фор­­­матында» серуендеуге болатын Қазақ­­стан­ның алғашқы қаласы болмақ.

Алматы – «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық жобасына қосылған алғашқы қала

Мәскеуде немесе Парижде, Мадридте, Римде, яки Санкт-Петербургте «15:15-тегі сая­хат­тар» жобасының экскурсиялары – қаламен жылдам, қызықты және тез танысудың тәсілі: танымал жерлер, пайдалы кеңестерді қамтып, қазіргі заманауи өмірге сапар шектіреді. Жоба дербес саяхатшылар мен кәсіби гидтерді біріктіреді. Олар қаланы сыралғы достарымен бірге жүріп серуендегендей әсер қалдырады. Саяхаттардың бағыттары көрнекі жерлер мен жергілікті халық жақсы көретін «туристік емес» орындарды біріктіреді.

«Біз өзіміздің мақтан тұтатын шаһары­мызды көрсеткіміз келеді. Қазақ Қонаев, француз Гурде, орыс Калмыков және тағы басқалар сияқты қаламыздың атақ­ты тұрғындары жақсы көргендей қонақ­тары­мыз да Алматыны жақсы көріп, қайта-қайта келгенін қалаймыз», дейді «Алматыда 15:15-те» жобасының басшысы Екатерина Корчагина.

Аталған жобаның негізін қалаушы және ғаламдық директоры Юрий Цыбуль­коның айтуынша, «15:15-тегі саяхаттар» жобасы жаңа деңгейдегі мини-топтарда серуендеу форматына кіреді және қонақтар жиі аялдайтын Алматы тұрғындары үшін көмекшіге айналу керек. «Ал Қазақстанның барлық тұрғындарын халықаралық желінің бөлігі болып саналатын өзге қалалардағы «15:15-тегі саяхаттар» экскурсияларында қуана қарсы аламыз» дейді ол.

 

Туристер не табады?

15:15 форматындағы серуендеу қазіргі күндері «Көне қала» деп аталатын, ал ХІХ ғасырда «Жаңа қала» деп аталған – Алматының қақ ортасында орналасқан Вознесенский шіркеуінің есігінен басталады. Әрі қарай бағдар жаяу жүргіншіге қолжетімді ең танымал қаланың көрнекі жерлерінен өтеді.

Туристер алдымен заманауи «Арт и Шок» театрының жанында серуендейді, ол толығымен өзінің атына сәйкес келеді, панфиловшы – батырлардың даңқ мемориа­лын көреді, қаланың басты жаяу жүретін көшесінің тарихымен танысады. Мәселен, бұл көше әр жылдары Казарменная, кейін Красноармейская, ал қазір Панфилов көшесі болды. Әйгілі «Арасан» моншасын көреді және монша кешені қалай пайда болғанын біледі. Сонымен қатар тарихы 160 жылды құрайтын атақты «Көк базарды» аралайды. Сонымен осы жерде бағдар аяқталады, себебі Алматының базарын аралау – бес минуттық, тіпті бір сағаттық іс емес.

Оған қоса қала қонақтарына мини-турларда Алматы неліктен мың құбылған бояулар қаласы екендігін біліп, әйгілі қала тұрғындары туралы аңыз әңгімелер тыңдайды және алуан түрлі мәдениеті мен көп этносты ерекше рухты және ғажап атмосферасына Ұлы Жібек жолының қалай бөлегенін түсінеді.

 

Жоба қалай басталды?

Орайы келгенде айта кеткен жөн, «15:15-тегі саяхаттар» – Еуропаның 40+ қалаларында халықаралық экскурсия – серуендеу жобасы. Кәсіби гидтер саяхатшыларды қолжетімді бағада (орта есеппен 20 еуро, 12 жасқа дейінгі балаларға – тегін) қызықты форматта қаламен танысуға көмектеседі. Идея авторы және «15:15-тегі саяхаттар» жобасының негізін қалаушы — Юрий Цыбулько.

Ол 2013 жылы компанияның штаб-пәтері орналасқан Амстердам қаласында ең бірінші саяхатын тіркеген. Содан бері бұл жоба өз дамуын франчайзингті желі форматында дамып, ғаламды жаулап келеді.

Бүгінгі таңда «15:15-тегі саяхаттары» – Амстердам, Барселона, Берлин, Брюссель, Будапешт, Валенсия, Варшава, Вена, Венеция, Вильнюс, Вроцлав, Дубровник, Дюссельдорф, Екатеринбург, Иерусалим, Қазан, Кёльн, Копенгаген, Лиссабон, Лондон, Любляна, Мадрид, Милан, Минск, Мәскеу, Мюнхен, Неаполь, Ницца, Нюрнберг, Париж, Порту, Потсдам, Прага, Рига, Рим, Севилья, Санкт-Петербург, Стокгольм, Таллин, Тбилиси, Тель-Авив, Флоренция, Хельсинки қалаларында өтеді.

 

АЛМАТЫ