15 Мамыр, 2013

Энергетикалық тұрақтылық үшін

470 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Энергетикалық тұрақтылық үшін

Сәрсенбі, 15 мамыр 2013 1:39

VІ Астана экономикалық форумы шеңберінде 2013 жылғы 23 мамырда «Болашақ Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығының стратегиясы» атты панельдік сессия өтеді.

Сессияның күн тәртібіне «энергетика-экономика-экология» негізіндегі үш тұғырға сүйене отырып, ғылыми негізде Қазақстан және Ресей ғалымдары жаһандық энерго-экологиялық стратегияны белгілеу мақсатында арнайы дайындаған «2050 жылға дейінгі болашақ Қазақстанның энер­ге­тикалық тұрақтылығының стратегиясы» атты тұжырымдама талқыланатын болады. Қазақстанның «Жаһандық энерго-экологиялық стратегиясы және «Жасыл көпір» ынтымақтастық бағдарламасы» атты энерго-экологиялық бастамасы 2012 жылғы 20-22 маусым аралығында өткен РИО+20-ның тұрақты даму жөніндегі БҰҰ конференциясының қолдауына ие болды.

Сонымен бірге, сессияда бірыңғай тұжы­рым­дамаға біріктірілген аймақтық және жаһандық энерго-экологиялық бастамалар: болашақ Қазақ­стан­ның энергетикалық тұрақтылығының стратегиясы; ЭКСПО-2017 «болашақ энергиясы»; «Барша үшін тұрақты энергетика» БҰҰ бастамасы; «Жасыл көпір» және «Жасыл даму» бағдарламасы, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» ауысуы сияқты бағдарламалар мен бастамалар тілге тиек етілетін болады. Сессия жұмысына Қазақстанның, Ресейдің, АҚШ-тың, Жапонияның, Германияның белгілі ғалымдары қатысады деп күтілуде.

Форум аясында 24 мамыр күні Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қаржы министрлігінің бастамасымен «Тәуекелдер жағдайында мемлекеттің қар­жы жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі аудит және бухгалтерлік есептің рөлі» деген тақырыпта панельдік сессия өткізіледі. Бұл сессияға қатысушылар Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы жалпыұлттық шараларды іс жүзіне асыру барысында мемлекеттік аудитке көшу мәселелерін талқылайтын болады. Отандық аудиттің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Аудит қызметі туралы» заңына сәйкес еліміздің аудит жүйесі Халықаралық аудит стандартына толығымен және түбегейлі көшеді. Қазіргі таңда Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қаржы министрлігімен және Есеп комитетімен бірлесе отырып, мемлекеттік аудитті енгізу жөніндегі тұжырымдама жобасын жасауда. Бұл сессия жұмысына осы мәселеге қызығушылық танытқандардың барлығы қатыса алады.

Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.

АСТАНА.