Қазақстан • 23 Шілде, 2019

Қазақ кәсіпкерлері бір айда Тәжікстанға екі рет барды

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бір айдың ішінде Қазақстан кәсіпкерлері Душанбеге екі рет барған. Яғни 11 шілдеде, одан кейін 18 шілдеде Душанбеге келген қазақстандық делегациялар сауда-саттықты ұлғайтуға әрекет етіп отыр.

Қазақ кәсіпкерлері бір айда Тәжікстанға екі рет барды

Экспортшылар үшін биыл 9-шы рет өткен жыл сайынғы сауда-экономикалық миссиясы қазақстандық тауарлардың Тәжікстан нарығында саудасын жүргізіп, жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнатуды көздейді.

Тәжікстанның тарапы үшін бұл – неғұрлым тиімді бағалар мен жеткізу шарттары екендігі аян. Осы кездесулерде қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу әрі елден тысқары серіктестердің қолдауына ие болу қарастырылған.

Екі елдің шекаралары шектеспейтіндігіне қарамастан, Қазақстан 10 жылдан бері Тәжікстанның сыртқы сауда әріптесі болып табылады және екі ел өкілдерінің пікірінше, Қазақстан Тәжікстанның басты сауда серіктесі ретінде қалыптасуының келешегі бар.

Мәселен, өткен 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 845 миллион долларды құраған. Бірақ, Душанбе мен Нұр-Сұлтан қалалары екіжақты тауар айналымын екі миллиард долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Ол үшін Үкімет «2018-2022 жылдарға арналған Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасын» дайындап жатыр. Бұдан басқа, елде 2007 жылдан бері Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялар қоры жұмыс істейді.

Сондай-ақ Премьер-министр Асқар Мамин мен президент Эмомали Рахмонның жуырдағы кездесуі Нұр-Сұлтан мен Душанбенің жақындауының кезекті айғағы екенін көрсетіп берды.

Осы сапарлардың нәтижесінде екі тарап жалпы сомасы 80 миллион доллардан асатын Қазақстан-Тәжікстан ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған оннан астам құжатқа қол қойылғанын айта кету керек.

Осылайша, 11 шілдеде сауда-экономикалық миссия отырысында Hyundai Trans Kazakhstan өкілдері Тәжікстанға 50 JAC машинасын жеткізуді талқыласа,  PALLANT TRADE ЖШС өнімдерін консервілеу зауыты 1 миллион долларға «Тәджероконтракт» ірі дистрибьюторлық компаниясымен қол қойды.

Бір аптадан кейін Душанбедегі сауда-экономикалық миссиясының келесі отырысына тәжік экономикасы үшін маңызды энергетикалық саламен байланысты қазақстандық компаниялар келді.

Тәжік аграрларын бидайды крахмалдан биоотынға дейін терең өңдеумен айналысатын KazFoodProducts компаниясының және Био-Katu фирмасының өнімдерін органикалық тыңайтқыштарға қайта өңдейтін өнімдері қызықтырады. Сол сияқты 18 шілдеде компания «СиноТехникс Тәжікстанмен» әріптестік қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойылды. Сол күні «Баракати Истиклол» «Түрген-экопродукт» компаниясымен ара шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы келісті».

Қазақстан тарапынан сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастыруға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйытқы болды.