Аймақтар • 24 Шілде, 2019

Отандық өндіріске үлес қосуда

755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржыңды өзге мемлекеттерден келген өнімдерді сатып алуға жұмсасаң, сол елдердің экономикасының өркендеуіне жұмыс істейсің. Сондықтан, қажетті тауарлардың өз еліңде шығып, өз еліңнің әжетіне жарауы үлкен қуаныш.

Отандық өндіріске үлес қосуда

Жақында Қазалы ауданы Жан­қожа батыр ауылының тұр­ғыны Алмагүл Төленова кафель жа­быс­тыруға арналған желім шыға­ратын шағын цехты іске қосты.

«Ауыл шаруашылығын қар­жы­лай қолдау қоры» АҚ-нан 3,5 млн теңге жеңілдетілген не­сие алған іскер келіншек құ­ры­л­ысқа арналған же­лімге түрлі қос­палар қосып, 25 ки­ло­­лық қап­тамамен саудаға шығарды.

– Тұрақты тұтынушылар көп болуы үшін өнімнің сапа­сы жоғары, бағасы тиімді болуы ке­рек. Қазір біз осы мақ­сат­­та ең­бек­теніп жатырмыз. Өні­мі­­міз­­­дің бағасы базардағыдан әлде­­­қай­­­да арзан. Біз бұл істі табыс­ты жүр­гізе­тіні­мізге сенімдіміз. Тек Қаза­­лы өңірін қамтамасыз етіп қой­­­май, облысымыздың өзге ауда­н­­­дарын да қамтысақ деген ой­дамыз, – дейді жеке кәсіпкер.

Қазақта «алыстан арбала­ған­ша, жақыннан дорбала» деген сөз бар. Цехқа қажетті қон­дырғы, құрал-жабдықтарды Шым­кент қаласынан алдырған кәсіп­кер цех жұмысын жүргі­зетін мамандарды да сол қала­дан шақыртқан екен. Шырайлы Шымкенттен келген шеберлер ауылдың талапты жас­тарын осы іске үйретіп жатыр.

Діттеген шаруасын орайына келтірген кәсіпкер үй сыртын әрлейтін сәнді сылақ түрін де дайындайды.


Қызылорда облысы