17 Мамыр, 2013

Өзара мүдделестік

297 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өзара мүдделестік

Жұма, 17 мамыр 2013 1:50

Кеден одағы құрылғалы Солтүстік Қазақстан облысының да нарықтық аясы кеңейіп, әлемнің 70-ке жуық елдерімен  экономикалық қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болып отыр. Былтыр  олармен жалпы тауар айналымы 1,2 миллиард АҚШ долларын құраса, 25 пайыздайы экспорт үлесіне тиеді. Аймақтың көрші Ресеймен  тауар алмасу деңгейі былтыр 200 миллион  долларға жетті. Екіжақты іскерлік байланысты өзара мүдделестік тұрғыдан дамыту мақсатын көздеген Түмен облысының іскерлік делегация өкілдері Қызылжар өңірінде болып, байланыс биржасы шеңберінде  кәсіпкерлік саланы тиімді  жалғастыру жолдарын қарастырды.

Жұма, 17 мамыр 2013 1:50

Кеден одағы құрылғалы Солтүстік Қазақстан облысының да нарықтық аясы кеңейіп, әлемнің 70-ке жуық елдерімен  экономикалық қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болып отыр. Былтыр  олармен жалпы тауар айналымы 1,2 миллиард АҚШ долларын құраса, 25 пайыздайы экспорт үлесіне тиеді. Аймақтың көрші Ресеймен  тауар алмасу деңгейі былтыр 200 миллион  долларға жетті. Екіжақты іскерлік байланысты өзара мүдделестік тұрғыдан дамыту мақсатын көздеген Түмен облысының іскерлік делегация өкілдері Қызылжар өңірінде болып, байланыс биржасы шеңберінде  кәсіпкерлік саланы тиімді  жалғастыру жолдарын қарастырды. Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басармасының басшысы Тотыкамал Құлжанованың айтуынша, Қазақстан Үкіметінің   «Бизнестің жол картасы-2020», «Экс­порт­таушы-2020», «Өнімділік-2020» бағ­дарламалары шағын және орта бизнестің өркен­деуіне үлкен серпіліс туғызып, жан-жақты қаржылық көмек көрсетіліп келеді.  Өткен жылы бизнестің жол картасы саласына  900 миллион, биыл  1 миллиард теңгеден астам қар­жы құйылды. Инвесторларға қолдау көрсету орталығы  инвестициялық қызметті жандандыру,  кәсіпкерлерді қаржыландыру, несиелерге кепілдік беру мәселелерімен  айналысады.  Осыған орай, жергілікті тауар өндірушілердің  тиімді жобаларды жүзеге асыруға ерен құлшынысын  байқау қиын емес. Өңірден сапалы астық, қиыршық тас, электр оқшаулағыш материалдар Ресейге жөнелтілсе, одан  құрылыс тауарлары, көлік құралдары, мұнай өнімдері жеткізіледі.  Бүгінде  аймақтың 60-тан астам өнеркәсіп орындары  бизнес құрылымға бірігіп,   көрші елден 16 кәсіпорын тартылған.

«Эра-98» ААҚ бас директорының орынбасары Владимир Глазков, балық шаруашылығын жандандыруға, балық өнімдерін қалдықсыз өңдеуге  әріптестік танытса,  «ГорВодСтрой» ААҚ өкілі  Қазақстанда қолға алынған елді мекендерді газбен, сумен жабдықтау бағдарламасымен жақсы таныстығын айта келіп, бұл орайда жер асты коммуникация құрылыстарына арнайы  техникалар мен мамандар жіберуге ықыластылығын танытты. Тез тұрғызылатын үйлер жасаумен және жабдықтаумен шұғылданатын   өндірістік-құрылыс компаниясының бас директоры Николай Коваль облыста өз филиалын ашу ниетін жасырмады.   «Urpag-tour» ЖСШ бас директорының орынбасары Роман Гостренко  Айыртау ауданы аумағында этноауыл құрылысын жүргізуге арналған жобаға түмендік кәсіпкерлер қызығушылық тудырып отырғанын жеткізді.

Меймандар  Мамлют ауданына қарасты «Арқалық»  шаруа қожалығында болып, қымыз өндірісімен танысты. Оның жетекшісі Нағашыбай Барлыбаев Түменнің Сладковское ауданында шипалы сусын өндіретін цех ашу жоспарымен бөлісті.

Түмендік  компаниялар солтүстікқазақстан­дықтармен әріптестік байланыс орнату келісіміне қол қойды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.