Аймақтар • 24 Шілде, 2019

«Open Qyzylorda» жобасы халық пен билікті жақындатады

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімінің тапсырмасымен бастау алған «Ашық Қызылорда» жобасының мақсаты халық пен билік арасында тығыз байланыс орнату. Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі осылай дейді.

«Open Qyzylorda» жобасы халық пен билікті жақындатады

Жақында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аталған жоба аясында Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады.

Ең алдымен қала әкімі ауылдық округіндегі орташа жөндеуден өткен, ұзындығы 1,6 шақырым болатын Сары Байсеитов көшесін ашты.

Сонымен қатар шаһар басшысы «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ-ның демеушілігімен Қарауылтөбе ауылдық округіндегі А.Иманов көшесінің бойында орналасқан барлығы 104 тұрғын үйлерге тартылған газ құбырларымен танысты. Ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін аталған көшедегі тұрғын үйлер толығымен көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болатындығын жеткізді.

«Ашық Қызылорда» жобасы аясында Қарауылтөбеге арнайы келген қала әкіміне тұрғындар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріліп, алғыстарын айтты.