Аймақтар • 24 Шілде, 2019

Қызылорда облысының әкімі ардагерлермен кездесті

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыс ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Қызылорда облысының әкімі ардагерлермен кездесті

«Үлкен істі бастарда ардақты ақсақалдың батасын алып бастауды жөн көретін халықпыз. Қазақ – қашан да қартын қазынам деп танып, үлкенін сыйлай білген халық. Содан да болар бізде ұрпақтар сабақтастығы берік орныққан. Бүгінгі кездесуге өзінің ізгілікті ісімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік қасиеттерімен елге танылған беделді ардагерлеріміз қатысып отыр. Сіздердің әрбіріңіздің Сыр өңірі үшін орындарыңыз бөлек. Кезінде еселі еңбек етіп, ел мерейін асырған Сіздер зейнеткерлікке шықсаңыздар да үйде қарап жатпай қоғамға қажетті істерге белсене араласып келесіздер. Сыр өңірі бүгінгі күні ілгері дамып жатқан өңір екенін білесіздер. Айта кетсем деймін, бүгінге дейін қол жеткізген барша жетістіктеріміз – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Сыр еліне деген ерекше қамқорлығы мен маған дейін облысты басқарған азаматтардың еңбегі. Соның ішінде облысты алты жыл абыройлы басқарып, аграрлы аймақтан іргелі индустриялы-аграрлы аймаққа айналдырған Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың үлесі шексіз. Біз бұл істерді әрі қарай жалғастырып, жетістіктерді еселей беретін боламыз»,  деді аймақ басшысы.