Іс-шараны Ұлттық кітапхананың директоры Бақытжамал Оспанова ашып, «Мәміле» клубының директоры Қанат Ғалымұлын көпшіліке таныстырды.
Клуб директоры өз кезегінде қазақ тілін үйрету барысында қазақ халқының рухани құндылықтарын түсіндіру, меңгеру арқылы барлық ұлт өкілдерін жақындастыру, ынтымақтастыру, өзара бір-біріне сенімдерін арттыруды мақсат еткен «Мәміле» клубының негізгі бағыт-бағдары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған қалаларында жұмыс істеп жатқан клубтардың осы уақытқа дейін атқарылған біршама игі істері жайында баяндап, клуб мүшелері жайлы ақпарат беріп өтті. Іс-шараға қатысушыларға клубтың күнделікті жұмысының нұсқаулығы болып табылатын «Ситуативный казахский» кітаптары үлестірілді.