«Мен шығармашылығымда негатив бермеуге, керісінше мейірім қосуға тырысамын. Ашық түстерді пайдалануға бейіммін. Бала күнімде әкемнің оюларына бояу жағатынмын. Ашық түстерді қолдану сол бала күнгі естеліктерден қалған», дейді белгілі қылқалам шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағы мен Дизайнерлер одағының мүшесі Сұлтан Иляев.

Елімізге танымал суретші Ғани Иляевтың ұлы ғана емес, оның өнерін де жалғастырған мұрагері Сұлтан Ғаниұлы жуырда Шымкент қаласында жеке шығармашылық көрмесін өткізді. Көрменің құрметті қонағы болған белгілі қылқалам шебері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ерболат Төлепбай: «Сұлтанның әрбір туындысы толғануды қажет етеді. Кескіндеме өнерінде композициялық шешім деген болады. Суретші туындыларының басым бөлігінде өте сәтті композициялық шешімдер бар. Өнер жолында бірден үлкен дәрежеге жете қою қиын. Оған сатылап жетеді. Ал Сұлтанның кейбір жұмысында өте сәтті шыққан дүниелері бар екен», деп пікірін білдірді.
«Мегаполис» атты көрмеге автордың соңғы жылдары салынған 100-ден астам туындысы қойылған. Атап айтқанда, «Ауыл», «Алтын ай», «Арнау», «Ағаш көлеңкесінде», «Қалыңдық», «Бесік», «Теңіздің жағасында», «Ұшу» сынды 28 полотно мен «Балалық шақ», «Бала түсі», «Идиллия», «Ұшу», «Ояну», «Күн мен түн», «Әуен», «Күн астындағы үй», «Балықтар мен құстар» сияқты графикалық кескіндемелер бар. Қылқалам шеберлерінің бағалауынша, С.Иляев өнеріне символдар мен таңбаларға толы кескіндемедегі ерекше форманы тапқан суретші. Ол өз картиналарына этномәдени сипатқа толы құрақ, шаңырақ сынды қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің элементтерін кіргізген. Өнертанушылар суретші шығармаларының басты тұжырымы – қасаң шеңберді бұзып, қарапайым адамдар байқай бермейтін әлемге, кез келген кескінге жаңа күй сыйлауымен даралану екенін айтуда. Көпшілік жоғары деңгейде ұйымдастырылған көрмеге жақсы баға беріп, өнер иесіне алғысын білдіруде.
Айта кетейік, суретшінің жұмыстары бүгінде Алматы, Мәскеу, Ташкент, Сочи қалаларындағы музейлерде және әлемнің түрлі қалаларындағы жеке галереяларда сақтаулы.
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 21:23
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:40
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ташкентте коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталықтар қайта ашыла бастады
Әлем • Бүгін, 18:46
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:39
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:33
Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:38
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:31
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар