21 Мамыр, 2013

Тұтынушылар мүддесі ескерілмейтіні қалай?

331 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Тұтынушылар мүддесі ескерілмейтіні қалай?

Сейсенбі, 21 мамыр 2013 2:28

Монополистер тығырықтан шығу жолы бағаны көтеру деген пікірге сүйенуін қояр емес

«СевКазЭнерго» АҚ-тың­ жуырдағы ұсынысы тұтыну­шы­лардың төбесінен жай түсіргендей болды. Күн санап өршіп бара жат­қан қымбатшылық салдарынан қалтасы да, жүйкесі де әбден жұқарған қарапайым жұрт­шылықтың бұдан кейін қыстан шыққан көтерем малдай елес­тер халі монополистерді еш ойлан­дыр­майтыны, керісінше, сүлікше соруын үдете түскені шымбайға батпай қоймайды. Олар тарифті көтерудің оңай жолына көбірек ден қойып, даяр асқа тік қасық болғанды қолай көретін тәрізді.

АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алла Язовская ханым қоғамдық тыңдау барысында 1 шілдеден бастап жылу тарифі 51,4 пайызға өсетінін мәлімдеп, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Мұндай қадамға амалсыз барып отырғандарын айтып, қанша ақталуға тырысқанымен, бағаны шарықтатудың себеп-салдары қоғамдық тыңдау кеңесінің мүшелерін иландыра алмады.

Өндірістік шығындардың әр тармағын дәйектілікпен талдап, түсіндіріп бере алмағаннан кейін күмән-күдікпен қараушылар қатары сейілмейтіні заңды. Бүгінге дейін қолданыстағы жылу қуатын өндіру тарифі 1377 теңге/гкал.-ға тең болып келсе, енді қосымша құн салығын қосқанда 2337,6 теңге/гкал-ны құрамақ. Бұл бірден 710 теңге/гкал.-ға өседі деген сөз.

Әрине, жұмысшы-қызмет­кер­лер­дің орташа айлық жалақысын 48 мың теңгеден 73 мың теңгеге жеткізу, ол үшін 51 миллиард тең­ге қажет деген ниет жақсы-ақ. Алайда, мұндай сұраныс үнемі тұтынушылардың есебінен неге өндірілуі керек деген заңды сауал туады.

Оған алдымен кәсіпорынның өзі қызығушылық танытуы тиіс емес пе? Біздіңше, қымбаттату шараларын жарияламас бұрын игерілмей жатқан резервтер мен ішкі мүмкін­діктерді електен өткізіп алған жөн болар еді. Жасыратыны жоқ, өнді­рістік шығындарды азайтудың ке­шенді жолдары, инвестиция тарту жайы қанағаттандыра бермейді. Жинақ­талған қаржының жұмсалуында ашық­тық, мөлдірлік жетіспейді. Жеткіліктілігіне қарамастан жаңа нысандар салумен, іші-сыртын, бас­шылардың кабинеттерін еуропалық үлгіде безендірумен әуес.

Жиынға төрағалық еткен­ Табиғи монополияларды­ реттеу агенттігі облыстық депар­таменттің директоры Ма­рат­ Мұстафин мұндай асыра сілтеуге жол берілмейді деп қан­ша сендіргенімен, көңілде көп күдік қалды. Өйткені, мұның алдында «Қызылжар су» мекемесі сумен жабдықтау жүйесіндегі нормативтік-техникалық шы­ғын­дарды бекіту жобасын ұсынып, жоғарылатылған тариф бекітіліп кете барған. 70 пайыздайының әбден тозығы жеткен 300 ша­қы­рымдай су құбырларын жа­ңар­ту тұтынушылар есебінен шешілмейтінін біле тұра, оңайдан олжа табуды мақсат еткен. Ал пайдалануға алынатын судың бестен бірі ысырап болып, діттеген межеге жетпей қалатыны онша ойландырмайтын тәрізді. Жұмысшылардың жалақысын екі есе көтереміз деген уәде де орындалмаған күйінде қалды.

Қасқырдың ырылдағаны, жеймін дегені. Жеке-дара үстемдік құрған «СевКазЭнерго» секілді монополист кәсіпорынның айтқандарынан қайтпаған күйі сынық-сүйем шегін­беулеріне қарағанда деген­де­ріне жетпей тынбайтын түрлері бар.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.