22 Мамыр, 2013

Тасөткелден су электр стансасы салынды

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тасөткелден су электр стансасы салынды

Сәрсенбі, 22 мамыр 2013 1:41

Стансаны салдырған – бір кездері Оңтүстік Қазақстан облысы мен ел Үкіметін басқарған Сергей Александрович Терещенконың дәл өзі. Құрылысының соңғы нүктесі жаңа ғана қойылып,  тұтынушыларына алғашқы электр қуатын енді ғана бере бастаған стансаның жобасы Сергей Александровичке 1 миллиард 350 миллион теңгеге түсіпті. Ал Секең болса бүгінде «A&T-Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы болып табылады.

Соңғы жылдары Жамбыл өңірінде жел, күн және су арқылы электр қуатын өндіру жұмыстарына ерекше назар аударылып келеді. Бұл біріншіден, қоршаған ортаға мүлде зиянсыз. Екіншіден, табиғат мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға жол ашады. Өткен жылы Қордай және Меркі аудандарында жел және су қуаты арқылы электр қуатын беретін үш станса пайдалануға берілді.  Олар бүгінде халық игілігіне айналып отыр. Әлем елдері, оның ішінде қазақстандықтар да бар, электр қуатының тапшылығын айқын сезіне бастаған тұста жамбылдықтар сияқты жаңа қуат көзін іздеуге құлшыну, бұл жақсы үрдіс. Өңір экономикасы үшін де үлкен стратегиялық қадам.

Тасөткел су электр стансасының құрылыс жұмысына шамамен 110 адам қатысыпты. Ал енді станса пайдалануға берілгеннен кейін 30 адам тұрақты жұмыс істеп жатыр. Электр қуатының 1 кВт/сағ. үшін жобаланған баға 11 теңгені құрайды. Қалалықтар үшін су тегін көрінетін бұл электр қуатын, құдай қаласа, енді ауыл тұрғындары қуана-қуана тұтынатын болады. Стансаның қуаттылығы 9,2 мВт құрайды. Жобаның қайтарымы 6 жыл.

Ал жаңа өндіріс орнының ашылу салтанатына жиналған шулықтардың өздеріне шапағаты түскен С.Терещен­коға деген алғыстары өте шексіз.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы,

Шу ауданы.