Аймақтар • 25 Шілде, 2019

Жол ережесін сақтамайтындар көбейіп келеді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларын реттеу және алдын алу бағытында ұйымдастырушылық шаралар қолға алынуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Ибраев 6 ай ішіндегі жол-көлік оқиғаларына қатысты ақпараттарды айтты.

Жол ережесін сақтамайтындар көбейіп келеді

- Есепті мерзімде жол қозғалыс ережесін бұзушылықтар бойынша барлығы 50 мыңнан астам құқық бұзушылықтар анықталып, 234 млн теңгеге жуық айыппұлдар салынып, 180 млн теңге өндірілді. Олардың ішінде, жол апатына тікелей әсер ететін автокөлікті мас күйінде басқарудың 821, қарсы бағытқа шығудың 197, жылдамдықты асырудың 6932, ұялы телефонымен сөйлесудің 2329, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 4281 дерегі анықталып, заңды шаралар көрілген,-деді Әміржан Өтегенов.

Брифингте полиция полковнигі 2019 жылдың 6 айында өңірдегі жол-көлік оқиғаларының саны 58 пайызға өскенін айтты.

Мұнан өзге, жаяу жүргіншілердің салғыртығы себебінен де жол-көлік оқиғалары тіркелген. 6 ай ішінде 4 мыңға жуық адамның жол жүру ережесі бұзу деректері анықталып, заңды шаралар көрілген.