Спорт • 25 Шілде, 2019

Дмитрий Баландин жүзуден әлем чемпионатының финалына өтті

1 мин
оқу үшін

Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлем чемпионатының финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Дмитрий Баландин жүзуден әлем чемпионатының финалына өтті

Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Іріктеу сынында Баландин 11-ші орынмен жартылай финалға өткен болатын. Жартылай финалдық бәсекеде біздің спортшы аталған қашықтықты 2:08.9 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтті. Бұл Баландиннің биылғы маусымдағы үздік нәтижесі. 

Жалпы есепте Рио Олимпиадасының чемпионы жетінші орын иеленіп, ақтық сынға өткен үздік сегіздік қатарына енді. Әзірге бірінші орында австралиялық Мэтью Уилсон (2:06.67) тұр. Уилсонның көрсеткіші әлемдік рекорд саналады. 

Сондай-ақ, ақтық сынға өткен спортшылар қатарында Антон Чупков (Ресей), Эндрю Уилсон (АҚШ), Зак Стаблти-Кук (Австралия), Эрик Персунн (Швеция), Ипэй Ватанабэ (Жапония), Марко Кох (Германия) бар. 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Тарихы терең рухани орда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

«Ацтека». Доп. Дүбір!..

Футбол • Бүгін, 09:00

Рыбакина орнын сақтап қалды

Теннис • Бүгін, 08:58

Құрыш құйған қаланың мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Аспантаудағы ауқымды істер

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Асфендияровтың ұрпағы

Зерде • Бүгін, 08:43

Бір мақсат, бір мүдде

Қоғам • Бүгін, 08:40