Руханият • 26 Шілде, 2019

Майданнан жолданған хат

815 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жергілікті ғалым Анатолий Плещаковтың жеке мұраға­тында сақтаулы қымбат жәдігерлер арасында осыдан 78 жыл бұрын жарық көрген газет пен майданнан жазылған хаттың орны ерекше бөлек.

Майданнан жолданған хат

1941 жылы 24 маусым күні Мәскеуде басылып шық­қан «Комсомольская прав­даның» алғашқы бетінде КСРО халық комиссарлар кеңе­сі төрағасының бірінші орын­басары Вячеслав Моло­товтың мәлімдемесі орна­ласқан. Онда соғыстың басталғаны, жау ұшақтарының Киев, Севастополь, Каунас қа­лаларын бомбалағаны, одан қандай ауыр зардап кел­гені айтылған. Барлық тұр­ғындарды Кеңес одағын қор­ғауға, фашистермен күресуге ша­қырады. Зауыттарда ең­бек ететін жұмысшылар сұх­­бат беріп, майдан даласына аттануға әркез дайын екендіктерін білдірген. Тарихи шежіре іспеттес сар­ғайған басылымның екін­ші беті халықаралық жаңа­лықтарға арналып, қандай мем­лекеттердің жаулап алын­ғаны хабарланған, дейді тарих ғылымдарының докторы.


Оған бұл газетті бір досы сыйлапты. Содан бері көзінің қарашығындай сақтап келеді. Ол үшін құнды тағы бір дүние – майдан даласынан жазылған бір жапырақ хат. Өте ыстық көретіні, үшбұрышты хат 1943 жылдың наурыз айында өзі туып-өскен Петропавлдағы бір бойжеткенге жолданған. Алек­сандр есімді түбіт мұртты бозбала соғыс ахуалын сипаттай келіп, таңғы шықтай мөлдір сезімін, іңкәр сағынышын өлең шумақтары арқылы кестелеген. Соған қарағанда екі ғашық бір-бірін көптен бері білетін, жүрек сырларын айтпай-ақ ұғатын тәрізді. Есіл ердің со­ғыстан қайтпай қалғаны анық. Өйткені сүйіктісі бір жа­пырақ хатты өле-өлгенше бойтұмардай сақтап келген. Ақтық демі таусылар алдында бұған аманаттап кетіпті.


– Менің әкем де соғыс ар­дагері еді. Чехослова­кия­да­ғы, Қиыр Шығыстағы қанды жорықтарға қатысқан. Осы себепті майдангерлердің іш­кі жан дүниесін бір кісі­дей білемін. Марқұмның хатты жұмырлай қысып, кеу­­­десіне қысып жатқан, кеудесін ащы өксік билеген бейнесі көз алдымнан кет­­пейді. Неткен тазалық, адал­дық десеңші, – дейді жү­­зін әжім торлаған ғалым ауыр күр­сініп.

Солтүстік Қазақстан облысы