Қоғам • 26 Шілде, 2019

Зағиптар кітапханасында «Жас қалам» оқырмандар үйірмесінде поэзия сағаты өтті

558 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Жас қалам» атты жас оқырмандар үйірмесінің поэзия сағатына ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бекжан Әшірбаев келді. Жас оқырмандарға ақындық өнердің қыр-сырлары мен өзінің шығармашылығы туралы баяндаған ақын алғашқы өлең жазған сәттерін есіне алды.

Зағиптар кітапханасында «Жас қалам» оқырмандар үйірмесінде поэзия сағаты өтті

Қазіргі таңда поэзия әлемінде терең ойларды жырлап жүрген ақын жастарға ұлтымыздың құндылықтары туралы әңгімелеп, адамгершілік, патриоттық тәрбие жөнінде ойларымен бөлісті. Халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін тұлға қалыптастыруды мақсат ететін шара аясында

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Түрік қағанатының батыры  туралы «Күлтегін» мультфильм көрсетіліп, кітапхана қорындағы балаларға арналған әдебиеттер жайлы кеңінен таныстырылды. Балаларға көркем поэзия оқудың мәнері туралы ақпарат беріліп, балаларды оңалту кабинетінде ашылған  шахмат, дойбы және тағы бақа спорттық ойындар ұйымдастырылып, ән айтылды.