30 Мамыр, 2013

«Инновациялық форсаж»

270 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Инновациялық форсаж»

Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:01

Қостанай облысына келді
А.Байтұрсынов атындағы Қос­танай мемлекеттік уни­вер­ситетінің алдында Астанадан келген «Инновациялық форсаж» автобусын студенттер түрлі-түс­ті шарлатып, жалаулатып қарсы алды. Инновациялық автобустың келу мақсаты – рес­публикада жүргізіліп жатқан инновациялық бизнес жоспарлар конкурсы туралы тұрғындарды ақпараттандыру және қауқары жетерлік кәсіпкерлерді оған қатысуға тарту болып отыр. Ин­новациялық жобалар конкурсынан жұртшылық телеарналардағы «Инновациялық форсаж» телешоу арқылы таныс.

Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:01

Қостанай облысына келді
А.Байтұрсынов атындағы Қос­танай мемлекеттік уни­вер­ситетінің алдында Астанадан келген «Инновациялық форсаж» автобусын студенттер түрлі-түс­ті шарлатып, жалаулатып қарсы алды. Инновациялық автобустың келу мақсаты – рес­публикада жүргізіліп жатқан инновациялық бизнес жоспарлар конкурсы туралы тұрғындарды ақпараттандыру және қауқары жетерлік кәсіпкерлерді оған қатысуға тарту болып отыр. Ин­новациялық жобалар конкурсынан жұртшылық телеарналардағы «Инновациялық форсаж» телешоу арқылы таныс. Бұл жолы көрермендерді осы телешоуды қарауға үгіттеу де қаперден тыс қалмайды. «Инновациялық форсаж» автобусымен рес­пуб­лика өңірлерін аралауды «Тех­но­логиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен республикада бірінші рет ұйым­дастырды. Қостанай облысы ав­то­бустың бірінші бекетіне ай­налды.

Автобуспен келген қонақтар агенттік пен Қостанай облысы әкімдігі және «Тобыл» ӘӘК Инвестиция тарту және инновацияны қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен семи­нар­ға қатысты. Онда облыс әкі­мі­­нің орынбасары М.Дәрібаев қо­нақ­тар мен жергілікті кәсіп­кер­­лерді құттықтап: «Қазір ғы­лым­ның үздік жетістіктері – сан­­дық, нана-технологиялар за­­манында өмір сүріп отырмыз. Оны дүние жүзі елдері даму­дың кепілі санап отыр. Біз де жа­һандану кезінде осы озық технологияларды пайдалануға белсене қатысуымыз қажет. Біздің экономика инновациялық жо­баларсыз, жаңалықтарсыз дүние­ жүзілік бәсекеге төтеп бере алмайды. Сондықтан сәуір айын­да Қостанайда Қазақстанның біраз өңірінен, Белоруссия мен Ресейден ғалымдар мен кәсіп­керлер қатысқан І инновациялық форум өткіздік. Онда отыздың сыртында инновациялық жобалар қатысқан көрме жұрт наза­рына ұсынылды. Бұл шара­ны да инновациялық жоба­лар­дың өмірге жолдама алуы үшін жасалып жатқан озық ша­раның бірі деп білемін», деді. Агенттіктің басқарушы директоры Серік Маратов, Инновациялық бел­сен­ділікті арттыру ор­та­лы­ғының директоры Дәмір Тілеу­сариев инновациялық жобалар конкурсына қатысудың шарттары мен іріктеу кезең­дері туралы айтып берді. Ав­то­буспен келген мамандар кон­курсқа қатысқан ғылыми және инновациялық жобаларды жүзеге асырудың және оған мемлекеттен қаржы алудың жолдарын, тетіктерін түсіндірді. Семинарға қатысушылар сұрақ­тарына жауап берді. NIF$50K кон­курсының өткен жылғы жүл­дегері А.Нысанов өз пікірін біл­­дірді. Инновациялық жоба­лар конкурсына қатысуға ын­­та білдіретін ғалымдар мен кәсіпкерлер облыста аз емес. Агенттік пен тележоба өкілдері солардың бірнешеуінің жұмыс­тары­мен танысты. Осы жолы агенттік мүшелері жер­гілікті кә­сіп­керлерден конкурсқа өті­ніштер қабылдады.
Мамыр айының 28-і мен мау­сымның 21-і аралығында «Ин­но­вациялық автобус» еліміздің барлық өңірлерін аралап өтеді. Онда «NIF$50K инновациялық жобалар конкурсының шарттары мен механизмдері туралы кеңінен түсінік жұмыстары жүр­гізіледі. Сонымен қатар, елімізде осындай кең ауқымды эконо­микалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны барынша насихатталады.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.