Спорт • 26 Шілде, 2019

«Алматы туры-2019» велододасының уақыты өзгерді

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның велоспорт федерациясы дәстүрлі «Алматы туры – 2019» велододасының өткізілетін уақыты қыркүйек айының соңынан 30-31 тамыз күндеріне ауыстырылғанын мәлімдеді.

«Алматы туры-2019» велододасының уақыты өзгерді

«Биылғы жылы веложарыс күнтізбеде қыркүйек айының соңынан 30-31 тамыз күндеріне ауыстырылды. Бұл бәсекелестікті арттырып, еліміздің ең ірі қаласының көшелеріндегі кептелісті азайтады», - делінген хабарламада.

«Алматы туры - 2019» жарысына әр түрлі дәрежедегі 21 халықаралық велосипед командалары қатысады. Олардың арасында Astana Pro Team да бар.

Веложарыстың 1-кезеңінің бағыты «Алматы Арена» спорт сарайынан басталып, «Индустриалды парк» арқылы өтіп, қайта «Алматы Аренада» мәресіне жетпек. Бұған дейін осы жол бағыты бойынша Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Велашабандоздардың айтуы бойынша 118 шақырымдық жарыс бағытын бағындыру оңай емес. Екінші кезең классикалық бағыт бойынша өтеді.

Шығыс айналма автожолымен 4,5 айналым және әл-Фараби даңғылы арқылы өтіп, «Медеу» мұз айдынында жарыс мәресіне жетпек. Бұл күні велодода қатысушылары 160 шықырым жарыс жолын бағындырады.

Аты шулы доданың тікелей көрсетілімін «Еуроспорт» телеарнасы арқылы көрерменге жол тартпақ.